"Полиция қызметкері қысым көрсетті" деген азаматша анықталды
Облыстық полиция департаменті әкімдікте өткен азаматтарды қабылдау барысында полиция қызметкері тарапынан қысым көрсетілді деп мәлімдеген Қызылорда қаласы тұрғынының жеке тұлғасын анықтады.
Азаматшаның дәлелдері тексеріліп, нәтижесінде ол қалалық полиция басқармасына заңсыз апару және полиция қызметкерлері тарапынан қандай да бір қорқыту фактісін жоққа шығарды.
Сонымен қатар, азаматшаның шағымы бойынша ҚР ҚК-нің 126-бабына сәйкес (бас бостандығынан заңсыз айыру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталуда. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары қылмыстық-процессуалдық заңнамасына сәйкес жүргізілуде.
Тергеу барысы департамент бастығының және облыс прокурорының қатаң бақылауында.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі