Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Жиырма секундтық видео сәбидің өмірін құтқарды

Жиырма секундтық видео сәбидің өмірін құтқарды

НәрестеҚыздың анасы видеоны дәрігерлерге көрсетіп, қауіпті сырқатты дер кезінде анықтаған
Англияның Грейвзенд қаласының тұрғыны дәрігерлерге қызының 20 секундтық видеосын көрсетіп, баланы аман алып қалды, деп хабарлайды The Mirror басылымы.
Джейд Родфордтың айтуынша, оның қызы Элла бірнеше күн қатарынан ауырған. Кейін жағдайы мүлдем нашарлап кетіпті. Дәрігерлер бүлдіршінді тексергенмен, қауіпті еш нәрсені байқамаған. Ауруханадан келген соң әйел қызды әжесімен қалдырып кетеді.
"Бес минуттан соң анам хабарласып, үйге тез жетуім керек екенін айтты. Элла тұншығып, денесі көкпеңбек болып кетті", - деп еске алады Джейд.  
Оның айтуынша, қыздың дене қызуы көтерілген. Джейд алаңдап, сырқат белгілерін телефонға түсірген. Видеода қыздың терісінде сары дақтардың қаптап кеткенін көруге болады. Әйел ауруханаға хабарласып, жағдайды түсіндірген. Бірақ ол жедел жәрдемді күтпей, дереу ауруханаға баруды шешіпті.
Сырқат белгілері тек үйде ғана көрінгендіктен, дәрігерлер нақты диагноз қоя алмаған. Сол кезде Джейд мамандарға видеоны  көрсетіпті. Бірер сағат ішінде сәбиде сепсис (қан бұзылуы) анықталды.
Кішкентай Элла 12 күн бойы ауруханада жатты.
Қыздың анасы видео болмағанда Элла аман қалмайтын еді дейді. Сондықтан Джейд өзге де ата-аналар көрсін деп видеоны желіде жариялапты.
17 маусым 2019 ж. 1 323 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 438 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам