ҚАЖ қызметкерлері полиция күнін атап өтті

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық –атқару жүйесі департаментінің бастығы әділет полковнигі Нәкенов Мұрат Сабырұлы ашып, қиындығы мен қызығы қатар жүретін салада қызметкерлердің төзімділігі қажырлы еңбектерін атап өтіп, әрдайым анттарыңызға адал болып, елге абыройлы қызмет ете беріңіздер деп жылы лебізін білдірді.
Мерекелік салтанатқа қатысқан қылмыстық –атқару жүйесі ардагерлер кеңесінің төрағасы Жамуров Серікбай Қойшыбайұлы қызметкерлерінің еңбегін жоғары бағалап, әрқашан биіктерден көрініп, адал қызмет ете беріңдер деп төл мерекелерімен құттықтады.
Осы мерейлі күні ҚР Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Тургумбаев Ерлан Заманбекұлының құзырымен әділет подполковнигі атағы ЗК-169/5 мекемесі бастығының орынбасары Тоқтамысов Сейілхан Ермекбайұлына берілсе, «Ішкі істер органдарының ардагері» төсбелгісімен Департамент бастығының орынбасары әділет майоры Тұрсынбаев Талғат Қуанышұлы, ЗК-169/1 мекемесінің бастығы әділет подполковнигі Тасқараев Алмат Жұманұлы марапатталды. ҚР ІІМ-нің «Құрмет грамотасын» ЗК169/1 мекемесінің режим және күзет бөлімінің әділет аға прапоршигі Ибраимов Қанат Асқарбекұлы марапатталды. Сонымен қатар , ҚР ІІМ-нің «Мінсіз қызметі үшін» І,ІІ, ІІІ дәрежелі медалімен 14 қызметкер марапатталды. ҚР ІІМ ҚАЖ комитеті төрағасының құзырымен 8 қызметкер арнаулы атағын алды.
Өз қызметтерінде жоғары жауапкершілік танытып, адал еңбек еткендері үшін де біршама ҚАЖ қызметкерлері Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының бұйрығымен Алғыс хаттар мен Грамоталарға ие болды.
Мерекелік іс – шара концерттік бағдарламаға ұласты. Мәдениет үйінің өнер жұлдыздары ҚАЖ кызметкерлеріне ән – шашуын арнады.
Қызылорда облысы бойынша
Қылмыстық –атқару жүйесі департаменті