Антына адал Маратбек
Ел тыныштығы жолында еңбек етіп жүрген полиция қызметкерлері қашанда қоғаммен тығыз байланыстағы мамандық иелері. Қауіпсіздікті қамтамасыз етуде оларға үлкен міндет жүктелген. Сол үдеден шығу үшін олар күн-түні тынбай еңбек етеді. Осындай қиындығы мен қызығы қатар жүретін салада өзіне жүктелген міндетті жоғары деңгейде атқарып жүрген азаматтың бірі ретінде – облыстық ішкі істер департаментінің арнайы және жұмылдыру даярлық басқармасының басшысы, полиция подполковнигі Маратбек Балдақовты айтуға болады.
Ол – бұл саладағы 20 жылдан астам еңбек тәжірибесінде тәртіп пен тәрбиені ұштастыра білген маман. Құқық саласына деген қызығушылығы оны жүгі ауыр саланың қазанында қайнатты. Соның ыстығы мен суығына төзіп, талай тартысты кезеңді бастан өткерсе де, мамандығына деген сүйіспеншілік, антына адалдық оны әрдайым абырой биігінен көрсетті. Бүгінде Маратбек Ізбасарұлы –өз саласының қыр-сырын жетік меңгерген, кейінгіге үлгі боларлық із қалыптастырған білікті полиция қызметкері.
Кейіпкеріміздің бойындағы ерік-жігердің мықтылығы, ісіне мығымдығы жасынан білінсе керек. Отан алдында борышын өтеуге барған жас жігіт ерекше көзге көрініп, онда взвод командирінің орынбасары қызметін атқарды. Елге оралған соң «Арлан» арнайы мамандандырылған бөлімшесінде он жылдан аса уақыт қызмет етті. Қоғамның тыныштығын сақтаудағы іскерлігі, жылдар бойы жинаған тәжірибесі қалалық ішкі істер басқармасында да жемісті еңбек етуіне сеп болды.
– Кез келген саланы игеруде алдымен адамға ынта, ниет керек. Полиция мамандарына да қажеті осы. Жай ғана форма киіп, ант бергенді емес, жауапкершілікті сезіну керек. Әрине, отансүйгіштік қасиет, отбасындағы өнеге, тәлім-тәрбиенің мықты болуы басты дүние. Қызмет барысында түрлі жағдайлар орын алып жатады. Қиындығы мен қаупі басым бұл салада жігері жасымайтын, ісіне тиянақты, тәртіпке қатал мамандар қызмет атқаруы тиіс деп ойлаймын, – деді ол кісі бізбен әңгімесінде.
Расымен, уақытының басым бөлігін қоғамның тыныштығы мен қауіпсіздігіне арнайтын полицейлердің өздеріне де сындарлы сәт туатын кездер болады. Мұндай да, олардың басты қаруы – қырағылық. Оған қоса, бетпе-бет ұрыс кезінде арнайы әдіс-тәсілді тиімді қолдана білуде қажет. Ал, кейіпкеріміз басшылық жасайтын арнайы және жұмылдыру даярлық басқармасы осы салада еңбек ететін қызметкерлердің кәсіби даярлығын нығайтудағы жұмысын 2016 жылдан бастаған. Ондағы мақсат – жеке құрамның, учаскелік полицейлердің, басқа да мамандардың қысылтаяң кезеңде дұрыс әрекет етуін, өзін қорғауын, көпшілік шоғырланған орындардағы қауіпті сәтте қандай әдіс-тәсіл қолдану керегін үйрету. Бұл ретте тәжірибесі мол Маратбек Ізбасарұлы облыстың барлық полицейлерін арнайы даярлықтан өткізіп, оларды кәсіби тұрғыда шыңдалуына мүмкіндік жасап келеді.
Қазір басқармадағы 12 қызметкер мамандарды даярлықтан өткізуде жұмыс жасайды. Олар арнайы базада атыс даярлығы, денешынықтыру, жауынгерлік, қойын-қолтық, қазақша күрес және өзге де бағытта 5 күндік оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Жыл басынан бері аймақ көлемінде 25-30 маманнан тұратын 8 топ кәсіби даярлықтан өткен. Басқарманың ішкі жұмысы мұнымен шектелмейді. Жан-жақты даярлықтан өткен қабілетті қызметкерлер түрлі спорттық сайыстарға қатысып, жеңімпаз атанып жүр.
Кейіпкеріміздің күнделікті жұмысы таң атысымен кезекшілікке түсетін қызметкерлерге нұсқау беріп, іс-тәжірибелік әдіс-тәсілдерін пысықтаудан басталады. Осылайша, қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тынымсыз еңбек етеді. Бұл – полицей мамандарының көпшілік көзге көрінбейтін бір күндік шарасы. Ал, олардың бұдан басқа қатермен бетпе-бет келетін, біз білмейтін жайттары қаншама.

Айдана САЙДУЛЛАҚЫЗЫ.