Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Мұстафа Шоқай оқыған ғимарат

Мұстафа Шоқай оқыған ғимарат

Қызылорда қаласының ортасында орын тепкен ескі базар маңына барғанда өткен күндердің сәулет өнерімен салынған көне ғимарат көзге бірден түседі. Бұл – 1878 жылы салынған Қызылордадағы бұрынғы қыздар приход училищесі ғимараты. Бүгінде дүкен қызметін атқарып тұр.
Кезінде аталмыш ғимаратта төрт класты қазақ жастарын аудармашылыққа дайындайтын түземдік мектеп болған. Қазан төңкерісінен кейін, 1925-29 жылдары республикадық баспахана (типография) қызметін атқарды. Осы баспаханадан республикалық «Еңбекші Қазақ» (кейіннен «Социалистік Қазақстан», бүгінде «Егемен Қазақстан») және «Советская степь» (кейіннен «Казахстанская правда») газеттері басып шығарылған. 1929-1973 жылдары облыстық кітапхана, кейінгі уақытта тігін-тоқыма фабрикасының үйі орналасты.
Тоқсаныншы жылдары жекешелендіріліп, қазіргі уақытта сауда үйі орналасқан. Ғимарат қаламыздың құрылуындағы ең алғашқы сәулет өнерінің үлгісі болып табылады. 1878 жылы күйдірілген кірпіштен салынған. Іргетасы бетон. Төбесі шатырланған. Ғимарат қасбеті ою-өрнектеліп өрілген. Алдыңғы қасбетінің орталық бөлігінде «1878 г» деген жазу бар. Ғимарат қаламыздың құрылуындағы ең алғашқы сәулет өнерінің үлгісі болып табылады. Ғимарат бір қабатты күйдірілген кірпіштен салынған. Жоспары бойынша формасы «Г» түрдес. Едені бетоннан және плитадан. Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген.
«Бұрынғы қыздар приход училищесі» ғимараты (қазіргі «Аль-асад» дүкені) ХІХ ғасырға тән сәулет үлгісінде салынған Қызылорда қаласындағы ең ескі құрылыстарының бірі болып табылады. Бұл ғимарат 1878 жылы инженер, генерал Брюноның жобасы бойынша негізі қаланып, қыздар приход училищесі болып ашылды. Кейіннен мұнда Перовск орыс-қазақ училищесі, 1925-1929 жылдары Қызылорда астана болған жылдары ең алғаш республикадағы баспахана осы ғимаратта орналасқан. Сондай-ақ, бұл ғимаратта аяқ киім фабрикасы орналасып, тоқсаныншы жылдары жекешелендіру уақытында жекеменшік қолға өтті.  
Қазіргі уақытта ғимарат мемлекет қорғауына алынған жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші болып табылады. Сонымен қатар, ғимарат қабырғасына 2017 жылы «Мұстафа Шоқай 1899-1902 жылдары аралығында осы Перовск училищесі ғимаратында оқыды» делінген тақта орнатылды.
Еркебұлан ЕЛЕУОВ,
Қызылорда облыстық тарихи және
мәдени ескерткіштерді қорғау мекемесінің ғылыми қызметкері.
24 маусым 2019 ж. 1 428 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 445 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам