Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАСТАР ЕҢБЕК ЖАСАҚТАРЫ БЕЛСЕНДІ ҚЫЗМЕТ АТҚАРЫП КЕЛЕДІ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАСТАР ЕҢБЕК ЖАСАҚТАРЫ БЕЛСЕНДІ ҚЫЗМЕТ АТҚАРЫП КЕЛЕДІ

   Сыр өңірінде жастар еңбек жасақтары қызметтерін дамыту бағытында әлеуметтік қызметті ұйымдастыру жобасы жоғары деңгейде жүзеге асырылып келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі
Соңғы бес жылдан бері облыста «Жас құрылысшылар» еңбек жасағы белсенді қызмет көрсетіп жүр. Сол уақыттан бастап 1600-ге жуық жас маусымдық жұмыспен қамтылды. Олардың арасында оқушылар, студенттер, жұмыссыз жастар, балалар үйінің түлектері және тағдырдың жазуымен жазасын өтеп шыққандар бар. Олар 16-29 жас аралығындағы қыздар мен жігіттер болып табылады. Осы мақсатта облыстық жастар саясаты басқармасы нақты іс-шаралар жүргізіп келеді. Үстіміздегі жылдың өзінде бұл бағытта бірқатар жұмыстар жүзеге асты. Басқарма мамандарының айтуынша, биыл бірқатар жобалар аясында әртүрлі бағытта 70 шара ұйымдастырылған. Атап айтқанда, «Жас құрылысшылар» еңбек жасағының сарбаздары арасында дәнекерлеуден байқау өтті. Байқау барысында жастар аталмыш кәсіптің қыр-сырына қанықты. Қарапайым еңбек иелерінің тәжірибесіне зер салды. «Біз жастар арасында жұмысшы мамандықтарды насихаттауға маңыз беріп келеміз. Осы мақсатта студенттер және жұмыссыз жастардың қатысуымен өңірдегі іргелі кәсіпорын тыныс-тіршілігімен танысу шаралары өткізілді. Атап айтқанда, олар «Абзал және К» ТС, «Қызылорда жылу электр орталығы» МҚК, «Жан Арай», «Нурстрой ЛТД», «Хау Ю интернационал Қызылорда» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері секілді мекемелерге экскурсия жасады. Сондай-ақ, аудандарда және сауда орындарында 20 қоғамдық қабылдау болып өтті. Жастар қайырымдылық   шараларына да белсене атсалысып келеді. Олар тұрмысы төмен 5 отбасының үйінде тазалық, сырлау, әктеу жұмыстарына   белсене қатысты.
    Тағы бір айта кетерлігі, жастар арасында «AutoCAD» бағдарламасы бойынша сызба байқауы, «Сылақ сылау» сайысы, жастар ісі жөніндегі комитет мүшелері арасында ұлттық спорт түрлерінен жарыс болып өтті. Оған қоса «Азаматтық бастамалар», «Жаңа әлемге жол саламыз», «Тұлғалық қасиетті дамыту» тақырыптарында семинар-тренингтер өткізілді. Сыр өңіріндегі 20 оқу орнында «Жас құрылысшылар» еңбек жасағының жұмысы насихатталды», - деді облыстық жастар саясаты басқармасының басшысы Қуаныш Жанұзақов. Соңғы жылдары өңірде жастар арасында дәнекерлеу, тұрмыстық техникаларды жөндеу, көлік техникасы және оны басқару бағытында тиісті жұмыстар атқарылып келеді. Осы мақсатта шеберлік сағаттар өткізілді. Оған қоса жастарды жұмыспен қамту мақсатында ірі кәсіпорын басшыларымен кездесу ұйымдастырылған. Осындай оң бастамалардың нәтижесінде жергілікті кәсіпорнында жастар ісі жөніндегі комитеттер ашылып отыр. Биыл олардың қатары тағы да үшеуге толықты. «Алда атқарылатын іс-шаралар жоспары жасалған. Үстіміздегі жылдың қараша айында «Үздік маман» облыстық байқауы өткізіледі. Оған қала мен аудандардан сайыскерлер келеді. Тағы бір айта кетерлігі, қала және барлық аудандарда оқушыларға кәсіби бағыт-бағдар беру бойынша семинар-тренингтер, кездесулер өткізіледі. Жастар еңбек жасақтары қызметтерін дамыту бағытында әлеуметтік қызметті ұйымдастыру жобасы бойынша 300 жасты еңбекпен қамту жоспарланған еді. Оған белсене қатысқандар арасынан 65 жас жоба аясында тұрақты жұмысқа орналасты», - деді Қ.Жанұзақов. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Сыр өңірінде құрылған «Жақаев ізбасарлары» еңбек лагері жастары да соңғы буын өкілдеріне өнегелі істі дәріптеп келеді. Олардың негізгі мақсаты - жастарды ауылда еңбек етуге шақыру. Еңбек лагері өңірдегі түрлі оқу орындарының студенттерінен жасақталған. Жастар ауылдық жерлерде таза еңбек майданына назар аударып, қарапайым диқан қауымының тыныс-тіршілігіне зер салды.
Еске сала кетсек, ҚР Президенті «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа Жолдауында  жылды «Жастар жылы» деп жариялаған болатын. 


24 қазан 2018 ж. 1 129 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам