Президент көп балалы және мүгедек баласы бар отбасылардың несиесін жабуды тапсырды
1) осы қарыздар бойынша қарызы өтелетіндер қатарына — көпбалалы отбасылар, асыраушысынан айырылуына байланысты төлемдер алатын отбасылар, мүгедек балалары бар отбасылар, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын 18 жасқа толған бала күнінен мүгедектер; жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, кәмелет жасқа толғанға дейін ата-анасын жоғалтқандар;
2) 2019 жылғы 1 маусымдағы есеп бойынша, несиенің жалпы сомасы 3 000 000 (үш миллион) теңгеден аспайды;
3) 2019 жылғы 1 маусымдағы есеп бойынша, негізгі борыштан және есептелген сыйақыдан тұратын өтелетін қарыздың мөлшері бір қарыз алушыға 300 000 (үш жүз мың) теңгеден аспайды.
Қазақстан Республикасының үкіметі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі:
1) 2019 жылғы 1 шілдедегі есептелген айыппұлдар мен өсімпұлдар бойынша банктерде және микроқаржы ұйымдарында өтелмеген несиелері бар Қазақстан Республикасының азаматтарын есептен шығару үшін шаралар қабылдау;
2) Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және облыстардың әкімдерімен бірлесіп, осы Жарлықты іске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi қаржы ұйымдарының жауапкершiлiгiн күшейтуге бағытталған нормативтiк шаралар кешенiн қабылдайды, оның iшiнде:
1) 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар жеке тұлғалардың кепілсіз өтелмеген барлық несиелері бойынша қарызды беру мен қызмет көрсетуге байланысты айыппұлдарды, комиссияларды және өзге де төлемдерді есептеуге тыйым салу;
2) табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен азаматтарға несие беруге тыйым салу;
3) кепілсіз тұтынушылық несиелер беруде қосымша реттеу шараларын қарастыру;
4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігіне жүктеледі.
Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.