Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Ұлттық банк "теңге", "алтын" дегендерге жауап берді

Ұлттық банк "теңге", "алтын" дегендерге жауап берді

   Қазақстан Республикасының ұлттық банкі ел азаматтарына әлеуметтік желілерде таратылатын қауесеттерге сенбеуге шақырды. Ұлттық банк жаңа валюта еніп, теңгенің құнсызданатыны туралы ақпаратқа жауап берді.

Желіде ЕАЭО-ға мүше елдерге ортақ алтын валюта енгізіліп, теңгенің құнсызданатыны туралы ақпарат тарады.

Теңгенің құнсыздануы және жаңа валютаға өту туралы хабар әлеуметтік желілерде бірнеше күн бұрын жіберілді. Хабарламада белгісіз тұлға ұлттық валютаны шұғыл түрде долларға айырбастауға немесе көлік, ипотекалық несиелер немесе өзге де қажеттіліктер алуға кеңес береді.

"Ұлттық банк ресми түрде бұл ақпараттың сенімді дерек көзі емес, арандатушылыққа, экономикалық құлдырауға әкелетінін мәлімдеді. Хабарламалардағы дауыс иесін танитын қазақстандықтардан +7 (727) 270 45 91 телефонына хабарласуын сұраймыз", - делінген хаарламада.

Сондай-ақ, қаскөйлер туралы кез келген ақпаратты ұлттық банктің ресми сайтында, Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінде қалдыруға болады.

NBK Online - халықтың ұлттық банкпен реттеушінің қызметі және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзара іс-қимылы үшін ыңғайлы құрал.

Ұлттық банк құқық қорғаушыларға ресми түрде сұрау салды. Құқық қорғау органы тек қана авторларды ғана емес, сондай-ақ қасақана жалған ақпарат таратушыларды іздей бастады.
01 шілде 2019 ж. 1 579 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам