Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Енді грантқа түсе алмаған талапкерлер де тегін оқи алады

Енді грантқа түсе алмаған талапкерлер де тегін оқи алады

    Биыл көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балаларға қосымша 5 мың грант бөлінеді
 Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қосымша гранттардың қалай таратылатынын айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Минстрдің айтуынша, биыл қосымша 5 мың грант көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балаларға беріледі. Гранттардың қаражаты трансфер арқылы жергілікті әкімдіктерге аударылады. Атқарушы органдар өз кезегінде өңірдің қажеттілігін ескере отырып, нақты мамандықтардың тізбесін жасайды. Одан кейін конкурс негізінде гранттарды таратады.
"Конкурсқа қатысу үшін талапкер ұлттық бірыңғай тестілеудің шекті балын жинауы қажет. Жалпы, осы грантқа ие болу үшін үміткерлер, ең алдымен, жылдағыдай негізгі 53 785 грантқа 21-31 шілде аралығында республикалық конкурсқа қатысып, бағын сынайды. Ал сол жалпы конкурс бойынша грантқа ие болмаған көпбалалы отбасыдан шыққан және атаулы әлеуметтік көмек алушылар санатындағы талапкерлер қосымша берілген жаңағы 5 мың грантты алу үшін тамыз айының 5-10 аралығында келесі конкурсқа қатысуға жергілікті атқарушы органдарға өтініш бере алады", - деді Аймағамбетов.
Оның сөзіне қарағанда, қосымша гранттар ҰБТ-ның ұпай санына қарай тағайындалады. Ал жеңімпаздардың тізімі жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

02 шілде 2019 ж. 1 335 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 15 291 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам