Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қазақстандықтарға көлікке мемлекеттік туды ілуге рұқсат берілді

Қазақстандықтарға көлікке мемлекеттік туды ілуге рұқсат берілді

    Елімізде көліктерде мемлекеттік туды орнатуға рұқсат берілді. Алайда ол үлгіге сай болып, патриоттық сезімін көрсету үшін ғана пайдаланылуы тиіс, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Еске сала кетсек, бірнеше жыл бұрын қазақстандықтар мемлекеттік туларды тиесілі емес жерлерге ілгені үшін жазалаған полицейлердің әрекетіне наразы болған еді. Мысалы, 2012 жылы Атырауда көліктің капотына Қазақстанның туын орнатып қойған ер адамға 300 мың теңге көлемінде айыппұл салынған еді. Ал 2015 жылы астаналық тұрғын мемлекеттік символды балконға ілгені үшін 400 мың теңгеге жуық ақша төледі. Сол кезде шенеіуніктер заңға түзетулер енгізетінін айтқан.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын, елтаңбасын және олардың бейнелерін, пайдалану (орнату, орналастыру) қағидаларын бекіту туралы» қаулы ресми БАҚ-та 4 шілдеде жарияланған. Ол жарияланғаннан 10 күннен кейін күшіне енеді. 
Құжатқа сәйкес, «Жеке және заңды тұлғалар патриоттық сезімін білдіру, мемлекет пен оның азаматтарының жетістіктерін қолдау мақсатында бұқаралық шаралар мен жеке көзқарасын білдіру аясында Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын пайдалана (ортану, орналастыру) алады. 
ҚР мемлекеттік туы оның көлеміне қарамастан, ұлттық үлгіге сай болуы керек. Жеке және заңды тұлғаларға ұлттық үлгі талаптары бұзылған мемлекеттік туды пайдалануға рұқсат берілмейді. Сондай-ақ, мемлекеттік туды қорлау, мазақ құралы ретінде пайдалануға болмайды. 
09 шілде 2019 ж. 1 383 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 432 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам