Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Мәжіліс депутаттары «Баламекен» жобасы аясында салынған тұрғын үйлер құрылысымен танысты

Мәжіліс депутаттары «Баламекен» жобасы аясында салынған тұрғын үйлер құрылысымен танысты

   Сыр өңіріне жұмыс сапарымен барған «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері, Мәжіліс депутаттары Абзал Ералиев, Балайым Кесебаева, Байділдә Жылқышиев Тарас Хитуов «Баламекен» жобасы аясында салынған тұрғын үйлер құрылысымен таныстып, тұрғындармен жүздесті.
Осыдан бірер ай бұрын, «Бәйтерек» шағын ауданында тұрмысы төмен көпбалалы отбасылар үшін 150 баспананың құрылысы басталған болатын. Оның ішінде 50 пәтер жергілікті қазынадан қалған 100 баспана Қызылорда облысының әкімдігі мен Сыр елінің тумасы, меценат Болат Өтемұратовтың қайырымдылық қоры арасындағы келісім шарт негізінде жүргізілді. Бүгінде қос пәтерлі  100 отбасына арналған 50 үйдің құрылысы аяқталып, тұрғындар қоныстанған. Жаңа мекеннің алғашқы қоныстанушылары – көпбалалы отбасылар. Солардың бірі 7 баланың анасы Ізімкүл Тұрсанова. Ол отбасында болған халық қалаулыларына осындай қамқорлық көрсетіп отырған Елбасына алғысын жеткізуді өтінді.
- Бұған дейін пәтер жалдап қиналып жүргенбіз. «Баламекен» деген жобаның арқасында міне баспаналы болып отырмыз. Көшіп келгенімізге бір ай болды. Мұнда жарық, су, газ, жол, телефон байланысы барлық жағдай жасалған. Елбасына, облыс басшылығына осындай қамқорлық көрсетіп жатқанына алғыс айтамын, – деді Ізімкүл Тұрсанова.
Елбасының халықты әлеуметтік қолдау бағытындағы тапсырмасының нәтижелі жүзеге асырылуына көз жеткізген мәжіліс депутаттары да жоба аясындағы жұмыстарға оң бағасын берді.  
    – Біздер жұмыс сапарымен барлық өңірлерде болып жүрміз. Алайда көп балалы аналар үшін жасалған мындай игілікті жобаны тек Сыр өңірінен көріп отырмыз, – деді мәжіліс депутаты Балайым Кесебаева.  
Айта кету керек, тұрғын үй құрылысын дамыту мақсатында соңғы 6 жыл ішінде Қызылорда қаласының өзінде 15 шағын аудан пайда болған. Жаңа аудандардың құрылысы да жүріп жатыр. 2019 жылдың соңына қарай Қызылорданың сол жағалауында 2 628 пәтерлік 13 көпқабатты тұрғын үй салынып, оған 13 мың адамды қоныстандыру көзделіп отыр. Елбасының 2018 жылдың қаңтарындағы жолдауына орай, болашақта бір адамды 30 шаршы метр баспанамен қамтамасыз ету мәселелері де жоспарда бар, – деді халық қалаулыларымен бірге болған «Nur Otan» партиясы Қызылорда қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шәріп Әбдірахманов.


10 шілде 2019 ж. 1 030 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам