Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » "7-20-25" бағдарламасы: бекітілген бастапқы жарна алынып тасталды

"7-20-25" бағдарламасы: бекітілген бастапқы жарна алынып тасталды

Калькулятордың үстіндегі үй макеті

1 шілдеден бастап бағдарламаға қатысушы банктер баспана құнының 20%-інен де жоғары бастапқы жарнаны қабылдайтын болады
Ұлттық банк "7-20-25" бағдарламасының талаптарына өзгеріс енгізіп, мүмкіндіктерін кеңейтті. Енді несие алушының қалауымен баспана құнының 20%-інен де жоғары алғашқы жарна салуға болады.
Ұлттық банк хабарлағандай, оның нәтижесінде негізгі борыш сомасы азайып, банктердің қарыз алушының төлем қабілеттілігіне қоятын талаптары төмендетіледі.
"Бұрынғы талап бойынша бастапқы жарнаның бекітілген мөлшері қолында 20%-тен артық сомасы бар клиенттерге біраз қолайсыздық туғызғаны рас. Ал қазір азаматтар бастапқы жарнаны көбейтіп, ипотеканы мақұлдау мүмкіндігін арттыра алады", - деп жазылған баспасөз хабарламасында.
Бұл өзгерістің арқасында банктердің де ұтары мол. Баспана" ипотекалық ұйымының серіктес-банктермен жұмыс жөніндегі департамент директоры Қанат Әбдірайымовтың айтуынша, банктер үшін кредиттік тәуекелдер төмендейді.
Қазір "7-20-25" бағдарламасына қатысушы банктер тиісті дайындық жұмыстарын жүргізуде. Еске сала кетсек, бағдарлама аясында ЦентрКредит, Сбербанк, Халық Банк, АТФБанк, Jýsan bank (бұрынғы Цеснабанк), Bank RBK, Еуразиялық банк және ForteBank сынды 8 қаржы ұйымы несие береді.
24 маусым 2019 ж. 1 333 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам