Жаңа оқу жылында оқушылардың киім үлгісіне өзгеріс енгізілмейді – А.Аймағамбетов

Мәселен, өткен жылы бірінші сынып оқушылыраның 80 проценті 6 жастан қабылданған. Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрі:
- ЮНЕСКО-ның мәліметтеріне қарағанда әлемнің 134 елінде бала 6 жасынан бастап мектепке қабылданады. Яғни біздің жүйеде айтарлықтай өзгешелік жоқ. Бұл тексерілген тәжірибе. Әрине әрбір баланың ерекшелігі бар. Оны ескерусіз қалдырмаймыз. Сондай-ақ Асхат Аймағамбетов Білім мен ғылымды дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасына тоқталды. Жаңадан қабылданатын құжат колледждер мен университтеттерге жаңа серпін бермек. Яғни алдағы уақытта жоғарғы оқу орындары оқу бағдарламасын жұмыс берушілерідің тапсырысы мен сұранысына байланысты жасайды.