156 шетелдік республика аумағынан шығарылды
Ағымдағы жылдың 7 айында ОПД-нің Көші-қон қызметі бөліністерімен облыс аумағында заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл жасау, азаматтық және есепке алу, құжаттандыру бағытындағы жұмыстарды орындау мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылды.
Әкімшілік кодекстің 517 бабы бойынша (Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы) 2650 шетелдік анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды .
ҚР ӘҚБтК-нің 518 бабымен (Шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамадарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың ҚР-ның халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы) 236 ҚР-ның азаматына.
ҚР ӘҚБтК-нің 519 баптарымен (Шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп келушілерді ҚР заңнамасын бұза отырып тарту, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР еңбек қызметін заңсыз жүзеге асыруы)84(2018 жылы -83) Қазақстан Республикасының азаматтарына әкімшілік шара көрілді.
Әкімшілік жолмен республика аумағынан 156 шетелдік шығарылды.
Мысалы: Қызылорда қаласы, Бәйтерек м/а, н/з үйде құрылыс жұмыстарымен айналысып жүрген Өзбекстан Республикасының азаматы А.Н-ң құжаттары тексерілді. Тексеру барысында бұл азамат Қазақстан Республикасының аумағына 08.07.2019 жылы «жеке шаруа» мақсатында келіп, ішкі істер органдарына 06.08.2019 жылға дейін уақытша тіркеуге тұрған.
Осы мекен-жайға еңбекші көші-қон рұқсатнамасын рәсімдемей, пайда табу мақсатында құрылыс жұмыстарымен айналысып жүргендігі анықталды. Нәтижесінде Өзбекстан Республикасының азаматына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517 бабының 5 бөлігінде көрсетілгендей әкімшілік хаттама рәсімделіп Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына 17.07.2019 жылы жолданданды.
Нәтижесінде сот қаулысымен шетел азаматы 5 жыл мерзімге Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарылды.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының азаматы 1984 ж.т қала тұрғыны С.К. шетелдіктерді еңбекші көшіп келушілерді полиция органдары беретін тиісті рұқсатсыз құрылыс жұмыстарына тартқаны үшін, ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабы 5-бөлігінде қаралған әкімшілік құқық бұзушылық хаттама рәсімделіп 37875 теңге айыппұл салынды. Айыппұл толығымен өндірілді.
Бұл бағытта жұмыстар жалғасын табады.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі