ШЕКАРАНЫ ЗАҢСЫЗ КЕСІП ӨТКЕН ӨЗБЕК АЗАМАТЫ ҰСТАЛДЫ

Аталған дерек Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 392-бабы 1-бөлігімен тіркеліп, тиісті тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Сонымен қатар, полиция қызметкерлерімен жүргізілген рейдтік іс-шаралар кезінде ішкі істер органдарында тіркеуге тұрмай, облыс аумағында тұрып келген 4 өзбек азаматы анықталды. Жеке бастарын анықтайтын құжаттары болмаса да, аталған азаматтар қала орталығындағы үйлердің бірін жалдап тұрған.
Нәтижесінде, шетел азаматтарына ақылы тұрғын үй-жай беру қызметтерін көрсету арқылы заңсыз көші-қонды ұйымдастырғаны үшін 56 жастағы қала тұрғынына қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 394-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Атап өтерлік жайт, облыс аумағында «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілген болатын.
Шараның 2 күнінде шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзу дерегі бойынша (ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы) 225 шетел азаматы анықталып, шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың ҚР-ның халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзғаны(ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы) үшін 18ҚРазаматына, шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп-келушілерді ҚР заңнамасын бұза отырып тарту, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР еңбек қызметін заңсыз жүзеге асыру дерегі бойынша (ӘҚБтК-нің 519-бабы)7Қазақстан Республикасыазаматына әкімшілік шаралар көрілді.
Республика шекарасын заңсыз кесіп өткен Өзбекстан Республикасының 2 азаматына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 392-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталып, Қырғызстан Республикасының 3 азаматы және Өзбекстан Республикасының 28 азаматы республика аумағынан аластатылды.
Сонымен қатар, іс-шара барысында көші-қон заңнамаларын бұзуға жол берген 61 шетелдіктің Қазақстан Республикасы аумағында болу мерзімдері қысқартылды.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі