Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қазақстанда жұма күні тек түске дейін ғана жұмыс жасау ұсынылуда

Қазақстанда жұма күні тек түске дейін ғана жұмыс жасау ұсынылуда

  Қазақстандық заңгер Жангелді Сүлейменов жұма күні тек түске дейін ғана жұмыс жасауды ұсынуда, - деп хабарлады ҚазТАГ ақпарат агенттігі. 
«Мен көптен бері, 5-7 жыл бойына Қазақстанда жұмыс кестесін өзгертуге тырысудамын. Қазір бізде бес күндік. Оған 150 жыл болды. Оны жұмысшылардың бүкіл күшін сарпып алу үшін Форд ойлап тапқан. Мен барлығының жұма күні түске дейін ғана жұмыс жасағандарын қалаймын. Мынадай қағида бар – қанша уақыт берілсе, жұмыс та сонша уақытта жасалады. Егер ол адамға «Бес сағат ішінде құдық қаз» десе, ол бес сағатта қазады. Оған «үш сағат ішінде қаз» десе, ол үш сағатта қазады. Адамдар демалсын. Мен түске дейін барлығы жұмыс жасап, түстен кейін отбасыларымен бірге болсын, толыққанды демалсын деймін», - деді Сүлейманов жұма күні ҚазТАГ ХАА тілшісіне. 
Бұл ретте ол түсіндіргендей, қазіргі таңда адамдар 18.00-ден дейін ғана емес, 22.00-ге дейін де жұмыс жасауға мәжбүр екендерін айтты, соның ішінде жұма күні де. Сөйтіп олар толыққанды демала алмайды. 
«Бүгінде адамдар заң бойынша кешкі алтыға дейін емес, 10-ға дейін жұмыс істейді. Кейбірі тіпті сенбі күні де шығады. Сондықтан олар демалмайды. Адамдар демалмайды, отбасыларына көңіл бөлмейді. Олар шаршайды. Сондықтан осы жүйені енгізсе, мемлекет ештеңе жоғалтпайды, керісінше ұтады деп ойлаймын»,- деп түсіндірді ол.
15 тамыз 2019 ж. 1 143 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 431 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам