Тоқаев мұғалімдердің жалақысын екі есеге көбейтуді тапсырды
Бүгін Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан Тамыз конференциясында президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке төрт жыл ішінде мұғалімдердің жалақысын екі есеге өсіруді тапсырды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Жиын барысында мемлекет басшысы мұғалімдердің айлығы төмен екенін тілге тиек еткен. "Турасын айту керек. Бүгінде мұғалімдердің жалақысы ең төмен деңгейде қалып отыр және экономика бойынша орташа жалақының 65 процентін ғана құрайды", - деді Тоқаев.
Осы орайда прзидент үкіметке ұстаздардың айлығын көтеруді тапсырды.
"Мұнымен, әрине, біз келіспейміз. Сондықтан үкіметке білім саласына білікті мамандарды тарту үшін және мұғалім мәртебесін көтеру үшін жалақыны төрт жыл ішінде екі есеге көбейтуді тапсырамын", - деді ел басшысы.