Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Жомарт жандар жанымызда

Жомарт жандар жанымызда

  Қайырымдылық – адамзат баласының ең ізгі, асыл қасиеттерінің бірі. Ал қазақ халқы бұл қасиетті бала бойына ерте жастан сіңіруге талпынады. Бүгінде өзінің жомарт жүрек иесі екенінкөрсетіп, көпке сая болып жүрген азаматтар Сыр бойында баршылық. Олардың істері көпке үлгі, ұрпаққа өнеге.
Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарға сананы жаңғыртуға бағытталған мақала  ұсынып, елімізге ізгілікті мұрат етті. Соның негізінде руханиятты жандандыруға ұмтылған жобалардың саны артып, ел арасында ерекше есімдердің қатары толығып келеді. Биыл да осы үрдіс жалғасын тауып, облыс орталығында «Жомарт жүрек» сыйлығының иегерлері зор қошеметке бөленіп, марапатталды.
Аталмыш шара бизнес-құрылым өкілдерін, кәсіпкерлер мен меценаттарды, үкіметтік емес ұйымдар мен волонтерлерді ынталандыру, көтермелеу, азаматтардың белсенділігінің үздік тәжірибесін паш ету, қайырымдылық мен мейірбандық идеяларын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.
Салтанатты шараның төрінен табылған қала әкімінің орынбасары  Ерлан Бердібаев мұндай мазмұндағы игі шараның маңыздылығына кеңінен тоқталып өтті.
 – «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өңірлер мен жергілікті қауымдастықтар дамуына үлес қосқан азаматтар көтермелеуге лайықты. Арамызда жақсылыққа жанашыр, туған елі мен жеріне перзенттік парызын адал өткеріп жүрген жомарт жүрек жандар көп. Мәселен олар туған жерін абаттандырып, гүлдендіруге күш салып, өзге де қайырымдылық істерге қаржылық демеу көрсетіп жүр. Қайырымдылық шараларына белсене атсалысқан жандар халықтың алғысына бөленері хақ. Олардың игілікті істерін халқы әрдайым мақтан етіп жүреді. Сондықтан, үнемі келелі істердің басынан табылатын осындай жандарды бүгінгі жиында марапаттағанды жөн көрдік, – деді Е.Бердібаев.
Жиында марапатталғандардың барлығы – өз саласында белгілі бір белесті бағындырып, бұқараның көңілінен орын алғандар. Жылдағы дәстүр бойынша биыл да «Жыл меценаты» аталымы бойынша жеңімпаз анықталды. Бұл сыйлық «Астана сервис ЛТД» ЖШС директоры Мұса Әбдіхалықовқа табысталды. Муса Жақыпұлы он шақты жылдан бері аз қамтылған, тұрмысы төмен отбасыдан шыққан 10-нан аса баланың тұрмыс жағдайын толықтай қамтамасыз етіп келеді. Өз қаражаты есебінен қала тұрғыны Тәжігүл Таспеноваға 2 бөлмелі үй салып берген. Сонымен қатар тағы бір асыраушысынан айырылған қала тұрғынының үйін күрделі жөндеуден өткізіп берді.
«Жыл тұлғасы» номинациясы «Интегрострой» ЖШС директоры, қалалық мәслихат депутаты Бақдәулет Ысқақовқа бұйырды. Ол 2017 жылы серіктестігінің көмегімен Тасбөгет кенті әкімінің аппараты ғимаратын мердігер мекеме ретінде күрделі жөндеуден өткізді. Кенттегі жаңа 140 орындық «Нұр Орда» бөбекжай-бақшасының құрылысын жүзеге асырды. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған қайырымдылық шараларында азық-түлік, қаржылай көмектеседі.
Сондай-ақ «Туған өлке» аталымымен «Сұңқар ССК» ЖШС бас механигі, «Қанат» шаруа қожалығының төрағасы Қайрат Ізбасқанов, «Жылдың үздік ұйымы» номинациясымен «Жылы жүрек жастар» қоғамдық қоры марапатталды.
Ал «Ерен еріктілік» аталымы бойынша үздік деп танылған Сағатбек Сиюов өзін осындай биік марапатқа лайық деп тапқан ұйымдастырушыларға алғыс білдірді. Ол – қаламыздың белсенді жас еріктісі, «Жылы жүрек жастар» қоғамдық бірлестігінің төрағасы.
 – Бүгін алғаш рет осындай марапатқа ие болып отырмын. Қазіргі уақытта жастарға мейірімділіктің нұры мен қайырымдылықтың қадірлі ұғым екенін ұғындыру мақсатында «Жылы жүрек жастар» еріктілер тобын құрып, барлық өңірлерде түрлі тақырыптағы мерекелік, қайырымдылық шараларын өткізіп, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсетудеміз. Жомарттық – қазақ халқының бойынан тез табылатын қасиет. Жомарт болу үшін қалтаның қалыңдығы мен малдың саны қажет емес. Ол үшін жақсылыққа жаны құмар, айналасына жанашыр жүрек болса жеткілікті, – дейді Сағатбек Қуанышбайұлы.
Бұл қаладағы игі істердің бастамашысы болып жүрген азаматтардың бір парасы ғана. Бұдан өзге жақсылығы мен жомарттығы бар қызылордалықтар баршылық.
Марапат соңы мерекелік концертке жалғасты.
Айтолқын АЙТЖАНОВА
16 тамыз 2019 ж. 1 188 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 443 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам