Головкин-Деревянченко жекпе-жегінің қашан өтетіні анықталды

Боксшылар орта салмақтағы IBF титулына таласады. "Өзімнің екінші үйімдей болып кеткен MSG рингіне оралуға қуаныштымын. 5 қазанда жақсы жекпе-жек өтеді. Madison Square Garden мен DAZN-ға Big Drama Show-ды қайтарамыз. Нью-Йоркте кездескенше!", - деп жазды Головкин Instagram желісіндегі парақшасында.