Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қаназдықтың қаупі қандай?

Қаназдықтың қаупі қандай?

   Бүгінде ауру түрлерінің арасында қаназдық жиі қозғалады. Оның белгісін адамның өңінен-ақ аңғару қиын емес. Тек оған аса мән бермейміз. Білген күннің өзінде оған бей-жай қараймыз. Салдарының қаншалықты ауыр екенін аңғармаймыз. Көбіміздің медициналық сауатымыз төмен.  Денсаулыққа жауапсыз қараймыз.
         Негізінен қаназдық өздігінен сырқат саналмайды. Алайда, оған ұшыраған науқаста түрлі аурудыңбелгілері байқалады. Дәрігерлер кез келген аурудың алдын алу керектігін жиі айтады.
         Қазір кеңінен етек алып бара жатқан бұл аурудың негізгі себебі – қан құрамындағы эритроциттердің азайып, темірлі нәруызды құрайтын гемоглабиннің төмендеуі. Дәрігерлер көп қан кету, түрлі ауру әсерінен эритроциттердің тіршілігін жоюы, темір жетіспеушілік салдары да қандағы зат алмасу процесінің бұзылуына әкелетінін айтады. Мұндай сәтте ағзадағы қан сұйылып, жүрек соғысы жиілейді әрі оған күш түсіреді. Ал, бұған жол бермес үшін алдымен тағамның рационына баса назар аударған жөн. Сондай-ақ, түрлі дәрумендерді ішкен дұрыс. Осы орайда №6 қалалық емхананың терапевт-дәрігері Раушан Манатқызы қазіргі кезде халықтың басым көпшілігінде қаназдық белгісі барын айтады.
         – Ағзадағы барлық жасушаларға қоректік заттар мен оттегі қан арқылы қамтамасыз етіледі. Ол ағзада тасымалдау, реттеу, ас қорыту, тыныс алу, қорғаныш сынды қызметті атқарады. Ал, оның құрамындағы эритроциттің бұзылысы қаназдықты тудырады. Мұндай сәтте адам әлсіз, тез шаршағыш болады. Тері бозарып, тістегі қызыл иектің, тырнақ етінің ағаруы байқалады. Ал оның ауыр түрінде жүрек соғысы жиілеп, аяқта ісіну, демігу көрініс береді. Сондай-ақ кейбір әйелдер топырақ, кесек жеуге құмар. Бұл қаназдықтың белгісі. Әсіресе, ол аяғы ауыр әйелдерге тән. Өкінішке қарай көбіміз бұған бас ауыртпаймыз. Тіпті, анемия екенін білсе де қажетті дәруменді тұтынбай жүре беретін жандар бар.  Оның соңы өте қиын жағдайға әкеп соғады. Қаназдық көп ауруды туғызушы фактор, – дейді маман.
         Айтқандай оған көбіміз бас ауыртпайтынымыз рас. Бірде таныс келіншек қаназдықтан емханада тіркеуде тұрамын дегенде таңғалғаным бар еді. Алайда оның қауіпі өте жоғары.
         Мұндай көріністер балалар арасында да жиі байқалады. Әсіресе, 3 жасқа дейінгі бүлдіршіндерде көп кездеседі. Оған әрине, жүкті кездегі ананың дұрыс тамақтанбауы, темірге бай тағамды аз тұтынуы, дәрумендер қабылдамауы әсері етеді. Дегенмен жаңа босанған келіншек өзімен бірге сәби денсаулығына да ерекше ден қойғаны дұрыс. Бұл ретте маман балаға ана сүтінен бөлек қосымша тағам берудің де қажет екенін жеткізді.
         Әрине, барлығымыз бірдей бірінші байлықтың қамын ойласақ, кез келген дерттің алдын аламыз. Қаназдықтың салдары сан соқтырмасын десек, салауатты өмір салтын ұстанып, дұрыс тамақтануды қолға алған абзал. Әсіресе, болашақ ана ұрпағының саулығын бүгінгі күннен қамдауы тиіс.
Айдана СЕЙІЛ
24 тамыз 2019 ж. 1 400 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 443 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам