Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Ғасыр дерті ғаламды ойландырып тұр

Ғасыр дерті ғаламды ойландырып тұр

  Бұл аурудың пайда болуы мен таралуы аясында түрлі болжамдар кездеседі. Дегенмен ресми дерек бойынша ең алғаш жұқтырылған иммунитет тапшылығы синдромы ауруы 1981 жылы АҚШ-та тіркелген екен. Екі жылдан соң француз ғалымы Люк Монтанье адамның иммунитет тапшылығы вирусын тапқан. Бұл ЖИТС ауруының соңғы сатысы саналады. Осылайша, ғалымдардың зерттеуімен ғаламдық дерттің түрлі сатыда дамитыны анықталған.
         Содан бері отыз жылға жуық уақыт өтті. Дегенмен, аурудың күн санап өзектілігі артып отыр. Қазіргі таңда дүние жүзі бойынша 75 млн. адам осы дертке шалдыққан көрінеді.
         Ұлттық тәрбиені ұятпен ұштастыра білген халқымызға бұрыннан нашақорлық, тән саудасы деген таңсық еді. Бүгінде оған қалыпты жағдай, таныс ұғым ретінде бойымыз үйреніп кетті. Себебі, есірткіге тәуелділер, жеңіл жүрістілер және өзге де жаман әдетке бой алдырғандар көбейіп барады. Соның салдарынан ЖИТС ауруы елімізде кең етек жаюда. Ресми деректерге сүйенсек, бұл ауру Қазақстанда алғаш 1987 жылы тіркеліпті. Содан бері жыл санап өсуі қарқын алған. Өкініштісі сол, қазір олардың саны 34 мыңнан асқан. Оның ішінде жасы да, кәрісі де тіпті, бүлдіршіндер де бар.
Өңірдегі ахуал қалай?
         Қазақылықтың қаймағы бұзылмаған Сыр өңірінде де ғаламдық дерттің көрсеткіші көңіл көншітпейді. ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталық мамандары, былтыр 147 науқас осы дертпен тіркеуге алынғанын айтты. Жыл басынан бері 4 адамның ғасыр індетіне шалдыққаны анықталған. Олардың 90-ы ер адам, 57-і әйел екен. Басым бөлігі жыныстық қарым-қатынас арқылы, 23,1 пайызы есірткі тұтынушының құралдарын ортақ пайдаланғаннан жұққан. Ал, үш бүлдіршінге аты жаман дерт анасынан берілген. Ал, 8 жағдай гомосексуальды қатынас арқылы болса, 4 адамның жұқтыру себебі әзірге белгісіз болып отыр. Қауіпті вирусты жұқтырғандардың көбісі – қала тұрғындары.
         – Ғаламдық мәселеге айналған індеттің біздің өңірде кең тарауы алаңдатады. Жыл сайын вирус жұқтырғандар көрсеткішінде өсім байқалады. Соңғы төрт айда екі ер, екі әйел кісінің осы дертке шалдыққаны белгілі болды. Жыл соңына дейін ол көрсеткіштің қанша болары белгісіз. Өңірдегі ЖИТС жұқтырғандардың көбісі – 29-49 жас аралығында азаматтар. Олардың ішінде 53,7 пайызын жұмыссыздар мен 24,4 пайызын қызметкерлер құрайды. Сонымен қатар, әскери қызметкер, зейнеткер, сотталғандар, мектеп оқушысы мен бүлдіршінде бар. Жалпы, бұл індет 4 сатыда дамиды. Орталық мамандары алдымен аурудың сатысын анықтаймыз. Оның І-ІІІ дәрежесі АИТВ болса, соңғысы ЖИТС-ке айналғанын білдіреді. Оларға тек АРТ терапиялық емдеу жүргізіледі, – деді орталықтың дәрігер-эпидемиологы Светлана Сәрсенбаева.
         Расын айту керек, бұрын бұл дерт қалалардан аспайтын. Өкініштісі, қазір ол аурудың шекарасы кеңейіп барады. Аудан орталықтары мен ауылдарда да кездеседі. Ғаламдық дертті алғашқыда 1990 жылы Шиелі ауданында орын алған екен. Қазір бұл жағдай барлық ауданда да кездеседі.
Емі жоқ дерт
         Адамның жасы мен жынысын, ұлт пен ұлысты таңдамайтын дертті жұқтырғандардың көбеюі індеттің біздің елде де тамырын тереңге жайғанын аңғартып отыр. Дүниежүзі ғалымдары әзірге бұдан айығудың ешбір емін тапқан жоқ. «ХХ ғасырдың обасы» аталған дертке қарсы күрес жүргізу тек алдын алу шараларымен ғана шектеледі.
         Жалпы, адам ағзасында кез келген жұқпалы ауруға қарсы тұратын иммундық жүйе бар. Ол әлсіреген жағдайда ағзада түрлі сырқаттың дамуы белең алады. Ал, ғасыр індетінің негізі саналатын – адамның иммун тапшылығының вирусы – қорғаныш жүйесінің жойылуына әкелетін бірден-бір жағдай. Яғни, ол адам бойында ұзақ уақыт бойы өмір сүріп, ағзаның ЖИТС-ке шалдығуына әкеледі. Себебі, вирус жұқтырған адам мен сау адамның өзгешелігі болмайды. Науқас өзінің вирусты жұқтырғанын білмеуі мүмкін. Мұны тек қанды тексерту арқылы анықтауға болады. Мұндайда дәрігерлер жылына бір рет болса да ЖИТС, АИТВ ауруына қан тапсыруға кеңес береді. Бұл шара өзіңді және жақыныңды қауіпті дерттен сақтандыруға үлкен септігін тигізеді.
Сақтықта қорлық жоқ
         Мамандар қауіпті сырқатқа шалдыққан науқастың қоғамнан шеттеп қалатынын жиі айтады. Оған қоса, бұл аурудың емі жоқ деген желеумен өмірден күдер үзе бастайды-мыс. Дегенмен, дәрігерлер ЖИТС-тің бастапқы сатысында оны асқындырмай, тұрақты деңгейде ұстауға болатыны жайында айтады. Бұл – науқастың аталмыш дертпен де ұзақ өмір сүруіне болады деген сөз.  Ол үшін әрине, уақытылы дәрігер қарауында болып, айтқанын бұлжытпай орындау, салауатты өмір салтын ұстану қажет.
         Негізінде ғасыр індетінің төсек қарым-қатынасы, қан (нашақорға тиесілі инені ортақ қолданғанда) және ана сүті арқылы берілетіні белгілі. Сондықтан айналаңдағы адамдардың ортақ мүлкін қолданбауды (шприц, қырынуға арналған заттар) үйреніп, тіс емханасындағы, сән салонындағы құрал-сайманның залалсызданғанын қадағалау қажет. Персинг, татуировка жасатқанда, кездейсоқ жанмен қатынас құруда да сақтық шараларын ұмытпаған жөн. Бұл ретте, облыстық ЖИТС-ті
ң алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық дәрігерлері жоспарға сай мектептер мен колледж, жоғары оқу орындарында жастармен кездесу ұйымдастырып, қатерлі дерттің алдын алу туралы ақыл-кеңестерімен бөліседі. Жастар мен жасөспірімдердің бұл туралы жетік білуі әуелі өзі үшін қажет. Осы орайда, олар ата-ананың баласымен мұндай тақырыпта ашық ой қозғағандары жөн екенін айтады.
Түйін сөз:
         Отыз жылдан астам уақыт әлемді дүрліктірген дерттің дүрбелеңі жуық арада тоқтамасы анық. Жыл сайын әлем халқы ЖИТС-ке қарсы күрес күнін атап өтіп, түрлі шаралар өткізеді. Мұның барлығы қоғамды қауіптен сақтануға, салауатты өмір салтын ұстануға шақырудағы амалдар. Өкініштісі, мұндай іс-шараның біз қалағандай нәтиже бермейтіні. Әсіресе, бейкүнә бүлдіршіндердің үлкендер жауапсыздығы салдарынан осындай дертті жұқтырғаны қынжылтады.
Айдана САЙДУЛЛА.
25 тамыз 2019 ж. 1 296 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам