Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Сапалы ойыншықты таңдай білесіз бе?

Сапалы ойыншықты таңдай білесіз бе?

    Ойын баласы үшін ойыншықтың орны бөлек. Ол оның ермегі ғана емес дүниетанымын кеңейтетін құрал десек те болады.
         Қазір кішкентай бөбегі бар әрбір шаңырақта кемі бір қорап ойыншықтың бары анық. Шылдырмақтан бастап, қуыршақ, мәшине, доп, жұмсақ ойыншықтар, тағы басқасы толып жатыр. Әрине, базарға барсаң ойыншықтың сан алуан түрін табуға болады. Бала түгілі кейде өзің қызығасың. Сосын қызыққан дүниені балаңа әпергің келеді.
         Осы шет елден келетін ойыншықтардың сапасы мен қауіпсіздігіне қаншалықты мән береміз? Оны дұрыс таңдай аламыз ба?
         Жалпы Кеден Одағының «Ойыншық өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті бойынша сырт елден келетін тауарларға қойылатын талап бар. Елімізге әкелінетін тауарлар соған сәйкес болуы шарт. Мәселен онда 3 жасқа дейінгі бүлдіршіндерге табиғи тері, ішік, фарфор, түкті резеңке сынды ойыншықтарды әкелуге тыйым салынған. Яғни сәбилердің кез келген затты ауызға салатыны белгілі. Ол сол арқылы айналасын таниды. Мұндай сәтте бала денсаулығына зиян келмеуі керек. Сондықтан оның бояуына, сыртқы пішініне, өткір зат болмауына аса мән беріледі.
         Базар сөрелеріне көбіне ішкі нарыққа енген ойыншық тауарлары әкелінеді. Олар біздің саудаға түскенше дұрыс-бұрысы анықталып, жоғарыдағы талапқа сай пысықталады. Дегенмен сапасы сын көтермейтін тауарларды да кездестіруге болады.
         – Жалпы елімізге ойыншықтар көбіне Қытай, Ресей, Түркия елдерінен импортталады. Кеден Одағының №008/2011 «Ойыншық өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне сай келгені ғана сатылымға шығарылады. Алайда кейбір кемшіліктердің бары рас. Жуырда осыған байланысты мамандар тексеріс жасады. Онда отыздан аса ойыншық түріне санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізілді. Нәтижесінде 2 үлгіден сәйкессіздік табылды. Олардың ағзаға жағымсыз әсері бары, денсаулыққа қауіпті екені анықталды.Бұл ретте жеке кәсіпкерлер әкімшілік жазаға тартылып, сот шешімімен айыппұл салынды, – дейді қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының маманы Гүлмира Құлмаханова.
          Баланың амандығы, денінің саулығы, қауіпсіздігі қашанда өзекті дүние. Осыны ескерсек, олар үшін маңызды дегеннің бәрін қадағалау сіз бен біздің міндет. Себебі, бәріміз ата-анамыз. Оған қатысты кез келген жағдайда жауапкершілік қажет. Ойыншық мәселесі де солай.
         Жасыратыны жоқ, қалта көтерсе қымбат, әдемі ойыншық алғанды ұнатамыз. Көбіне сапалы деп Ресейдің өнімдеріне ұмтылатынымыз бар. Мамандар  қымбат баға сапа көрсеткіші емес дегенді айтады. Сондықтан ата-ана таңдау жасағанда мұқият болғаны жөн.
         – Қазіргі ойыншықтардың кейбірі жағымсыз иісті, шеті тым үшкір немесе дұрыс өңделмеген, ұсақ бөлшектері көп. Өкінішке қарай, бұлар баланың қолына түссе қауіпті екенін ескеруіміз керек. Өйткені, үшкір заттармен бір жерін зақымдауы, болмаса ұсақ бөлшектерді жұтып қоюы мүмкін. Осы орайда тұтынушылар сауда жасағанда өнімнің сәйкестігін  растайтын сертификатты талап етуі керек. Сондай-ақ, оның таңбасына мән бергені дұрыс. Онда өнімнің құрылымы жөніндегі екі тілдегі толық ақпараты, өндіруші кәсіпорынның мекен-жайы, кей жағдайда жарамдылық мерзімі көрсетілуі қажет. Сонымен бірге Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай белгісімен таңбаланған болу шарт, – деді маман.
          Сапалы өнімді таңдау үшін мамандар оның сыртқы жабындысы тері мен сілекейге төзімді, пайдалану кезінде үгітілмейтін, серіппелері, қатты бөліктері денеге зақым келтірмейтін, ұсақ бөлшектері тыныс жолына түспейтін не тұншығуын болдырмау керектігін айтады. Ал, жұмсақ ойыншыққа қатты, өткір зат жапсырылмауы әрі тігісі берік болғаны дұрыс. Сонымен қатар ток көзіне қосылатын ойыншықтардың бөлшектері де механикалық жағынан қамтамасыз етілуі шарт. Осы талапқа баса мән берсеңіз сапалы әрі қауіпсіз өнімді таңдау қиынға түспейді-мыс.
Айдана СЕЙІЛ
25 тамыз 2019 ж. 1 268 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам