Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Мектеп. Тәрбие. Қоғам.

Мектеп. Тәрбие. Қоғам.

  А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде «Білім және ғылым» атты Қызылорда қалалық педагог қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз кеңесі өтті.
Алқалы жиын алдында қалалық білім беру жүйесінің даму көрсеткіштері мен жетістіктері көрмеге қойылды. Көрменің негізгі мәні – инновациялық технологиялардың жалпы білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие үдерісін дамытудағы ықпалын көрсету.
Жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруші ұстаздар қауымымен алда тұрған басты міндеттерді айқындайтын Тамыз кеңесінің маңызы зор.
Маңызды зияткерлік жиынға Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебі, Қосымша білім беру департаменті директоры Жаңыл Жонтаева, Парламент Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы және ардагер ұстаздар, білім беру ұйымдарының басшылары мен мұғалімдер қатысты.
Тағылымы мол жиынды қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ашып, ұстаздар қауымын дәстүрлі шарамен құттықтады.
Тамыз кеңесінде сөз алған сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру ісінде түпкі нәтиже отбасы, мектеп, қоғам бірлігіне тығыз байланысты екенін алға тартса, Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебі, Қосымша білім беру департаменті директоры Жаңыл Жонтаева білім саласындағы тың серпілістер әлі талай бастамаларға қол жеткізетініне тоқталды.
Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім ардайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жететіндігі белгілі.
Қызылорда қаласы білім саласында біршама жаңашылдықтарға орын беріп, жоғарғы табыстарға да жетіп келеді. Конференция барысында қалалық білім бөлімінің басшысы Меруерт Әбдіхалықова баяндама жасады. Онда осы саланың даму қарқыны мен келелі міндеттерге жеке-жеке тоқталып өтті.
– Білім берудің жаңа инновациялық тәсілдерін қолдана отырып білім алушыларға барынша жағдай жасау – қоғамымыздың алға қойған мақсаттарының бірі. Бұл бағытта облыс орталығында ауқымды жұмыстар жүргізіліп келеді. Бүгінгі таңда әлем жұртшылығының назарын аударып отырған келелі мәселелелердің бірі – білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру. Аталмыш мәселе бойынша қаламызда тиісінше жұмыстар жасалып, оң нәтижесін көрсетуде. Өткен оқу жылында мектептерде 2764 мүмкіндігі шектеулі балалардың, 1128-і инклюзивті біліммен қамтылды. Осының негізінде 7 мектеп жанынан логопедтік пункттер жұмыс жасап келсе, осы жылдың қаңтар айынан бастап 15 мектепке дефектолог штаттық бірлігі берілді. Жаңартылған білім мазмұны бағдарламасына сәйкес Қызылорда қаласы бойынша бүгінгі күні 4661 мұғалім біліктілік курстарынан өткізілді, бұл жалпы педагогтардың 72,9 пайызын құрайды. Барлық мұғалімдердің айлық жалақысы 14 пайыздан 25 пайызға дейін артса, техникалық қызметкелердің айлық жалақысы 30 пайызға өсті, – деді М.Наушақызы.
   Тамыз кеңесінде қаланың бас ұстазы жаңа оқу жылындағы жағымды жаңалықтарды айтып, жас өрендер үшін игілікті істер жасалғанын сөз етті. Мәселен, биылғы жылдан бастап бүлдіршіндерді үйде отырып-ақ оқу ошағына тіркеуге болады. Себебі, 2019-2020 оқу жылынан бастап мектепке электронды түрде қабылдау жүйесі енгізіліп, mektep.sitcen.kz ақпараттық жүйесі іске қосылды. Яғни, осы жүйе негізінде ата-ана мектепке бармай, интернет желісі арқылы mektep.sitcen.kz электронды жүйесіне тіркеліп, осында көрсетілген мектептерді таңдай алады. Сондай-ақ жүйенің тиімділігі бойынша 1 сыныпқа қабылдауда тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету және лагерьге қабылдау қызметтері бойынша мектептерде бірде-бір құжат жиналмайды.
Сонымен қатар қыркүйек айынан бастап 6800 бала қоғамдық көлікте тегін жүреді. Себебі қала әкімдігінің қолдауымен әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларының балаларын қоғамдық көліктердің барлығында тегін жүруін қамтамасыз ету мақсатында 68 600 000 теңге қаржы қаралған.
Алқалы жиын жұмысын қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қорытындылады. Шаһар басшысы аталмыш саланы дамыту және жаңа заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен қолдауларға тоқталды.
– Қазіргі таңда, мемлекет тарапынан білім саласына үлкен қамқорлық көрсетіліп келеді. Оның ішінде біздің қаламызда да көптеген оңды істер атқарылуда. Жыл сайын жаңа білім ошақтары мен балабақшалар пайдалануға беріліп, материалдық техникалық базалары жаңартылуда және мектептер күрделі жөндеуден өткізілуде, – деді қала әкімі.
Сондай-ақ Нұрлыбек Машбекұлы білім жүйесін әрі қарай жетілдіруге қатысты ұсыныстарын айтты. Біріншіден, бұл саланың сапасын көтеру үшін кешенді шаралар қабылдау қажет. Ал, оқушылардың білім сапасын көтеруде, педагог қызметкерлердің, әсіресе білім беру ұйымдары басшыларының біліктілік деңгейінің жоғары болуы маңызды екені белгілі.
Екіншіден, тәрбие – сапалы білімнің негізгі міндеті. Осы ретте әрбір білім беру ұйымдарында «Рухани жаңғыру» мен «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласын іске асыру бүгінгі сәттің еншісінде.
Үшіншіден, кәсіпкерлікті дамытуға сапалы курстар жүргізілуі тиіс. Төртіншіден, мектептегі балалардың барлығының білім сапасы оның әлеуметтік жағдайына тәуелді болмауын қадағалау қажет. Сондықтан оқу ошақтарында өрендер үшін барлық жағдай жасалуы керек.
Бесінші, білім саласының ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету. Осы мақсатта әрбір білім беру ұйымының жеке әлеуметтік желідегі парақшаларын ашуды және жұмысын жандандыруы міндеттілді.
Жиын соңында білім саласының дамуына айрықша үлес қосып, ерекше шығармашылығымен жоғары жетістіктерге жеткен ұстаздар қауымы қошеметке ие болды. Салтанатты шарада қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев 10 мектептің мұғаліміне 150 мың теңгеден сыйақы табыстаса, 2 мұғалімге 3 бөлмелі пәтердің кілтін берді. Бұл – ұстаз мәртебесінің биіктегенін көрсетсе керек.
Айтолқын БАТЫРБАЙҚЫЗЫ
Суретті түсірген Нұрболат Нұржаубай
24 тамыз 2019 ж. 935 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 443 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам