МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ МӘСЕЛЕСІ ТАРАЗЫЛАНДЫ
№8 П.Д. Осипенко атындағы орта мектебінде 22 қараша күні «Мамандық таңдау- ең маңызды мәселе» атты дөңгелек үстел 9-10 сынып оқушыларының қатысуымен ұйымдастырылды.
Дөңгелек үстел мақсаты оқушының өзі таңдайтын мамандық туралы ойын бір жүйеге келтіріп, дұрыс таңдау жасауына көмектесу, өз бетінше шешім қабылдап, өзіндік мақсатын айқындай білу қабілеттілігін арттыру, жауапкершілік, міндеттілік, зерттеушілік әрекетін іске асыру мүмкіндіктерін кеңейту, оқушының тұлғалық және өмірлік өзін-өзі тануын қамтамасыз ететін болашақ кәсіби бағдарына сәйкес дербес дамуына жағдай жасау. Оқушылардың қоғамға деген азаматтық позициясын қалыптастырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Дөңгелек үстелді ашып беру үшін сөз кезегі мектеп директоры Қарлығаш Төлеуоваға берілді.
Қонақтар оқушыларға мамандық туралы пікірлерін және өздерінің таңдаған мамандықтарының қыры мен сыры жайлы әңгімеледі. Колледж мамандары оқушыларға қанша грант бөлінгенін және оқу орындарын видео-ролик арқылы таныстырып, брошуралар таратты. Қонақтар оқушылармен екі тілде әңгімелесті (қазақша және орысша). Оқушылар мамандық жайлы сұрақтарын қойды.