Ақсуатта күрішке алғашқы орақ салынды
Қызылорда қаласына қарасыт Ақсуат ауылдық округінің егіс алқабында күрішке алғашқы орақ салу рәсімі және «Дала күні-2019» дәстүрлі семинар-кеңес өткізілді.
Семинарда өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамыту мәселелері талқыланып, күрішке орақ түсті.
«Дала күні-2019» іс-шарасына Қызылорда қаласының әкімі, ауыл шаруашылығы саласының мамандары мен еңбек ардагерлері қатысты. Қала әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев шаруаларды құттықтап, егін жинау жұмыстарын бастау рәсіміне қатысты.
Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының нақты егісі 8421 га (114,9%) құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1253 га артық.
Ауыл шаруашылық құрылымдары бойынша барлығы 8421 га жерге (оның ішінде 345 га жаздық бидай, 40 га күздік бидай, 60 га арпа, 5 га сұлы, 8 га соя, 5 га рапс, 5 га лён,5 га сорго, 35 га мақсары, 1221 га жоңышқа, 120 га сүрлемдік жүгері,800 га картоп, 992 га көкөніс, 769 га бақша дақылдары) егілді.