Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Тастанды сәбидің анасы табылды

Тастанды сәбидің анасы табылды

   Қазалыда полиэтилен пакетіне оралып, көшеге тасталған нәрестенің анасы табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 119-бабы 1-бөлігімен (сәбиді қауіпті жағдайда қалдыру) қылмыстық іс қозғалды. Тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. 
«Аталмыш оқиғаға байланысты полиция қызметкерлері кешенді жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде күдікті азаматша ұсталды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері жария етілуге жатпайды», - деп мәлім етті Полиция департаментінен. 
Еске сала кетейік, Қазалы ауданының орталығы Әйтеке би кентінде пакетке оралған шақалақ табылған болатын. Кіндігі кесілмеген сәби дереу ауруханаға жеткізілді. 
Аудандық аурухананың бас дәрігер орынбасары Бақытгүл Алишеваның айтуынша, алынған анализдер бойынша нәрестенің денсаулығы қалыпты, салмағы - 2 келі 700 грамм. Оны Қызылорда қаласындағы сәбилер үйіне өткізу мақсатында құжаттар дайындалуда.      
06 мамыр 2019 ж. 1 355 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 524 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам