Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Елімізде түнгі сағат 12-ден кейін той тойлауға болмайтын ауданның бары рас па?

Елімізде түнгі сағат 12-ден кейін той тойлауға болмайтын ауданның бары рас па?

  Жамбыл облысында орналасқан Тұрар Рысқұлов ауданында тойға қатысты жаңа ереже кеңінен етек алған. Көктемнен бері қолданысқа енген жергілікті биліктің талабы бойынша мерекелік кеш түнгі сағат 00:00-дан аспауы керек. Қуанышын уақытында аяқтай алмағандар мен мейрамхана қожайындарын ірі көлемде айыппұл күтеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Аудан тұрғындарының сөзінше, ереже тойларда осы жылдың наурыз айынан бері қолданылуда.
Олар сағат 00:00-де жарты сағат уақыт қалғаны айтылып, мейрамхана әкімшілігінен ескерту болатынын жеткізді.
«Бізде осы ереже енгенге дейін той түнгі он-он бір кезінде басталып, таңға дейін жалғасатын. Адамдардың мейрамханаға жиналуы үлкен мәселе еді», - деді аудан орталығының тұрғыны.
Ол осы жылдың басында жергілікті билік тарапынан тойды түнгі он екіден асырмау туралы талап шыққанын айтты.
Тұрғынның сөзінше, бастапқыда халықтың ережеге мойынсынуы қиынға түскен.
«Алғашында адамдар үйренісе алмай жүрді. Уақыт өте келе көбісі ерте келуді әдетке айналдырды. Қазір бәрі тамаша. Қонақтар уақытында келетін болды. Той кешкі сегіздерде басталып он екіге дейін жалғасады. Тура он екіде тойды аяқтауға жарты сағат қалғаны хабарланып, ескерту айтылады. Он екі жарымға дейін қуаныш иелері мерекелік кешті аяқтай алмаса, мейрамхананың қожайыны мен тойды жасап жатқандарға айыппұл салынатынын естідік», - деді Құлан ауылының азаматы.
Бұл ақпаратты Тұрар Рысқұлов аудандық әкімдігі де растады.
Олар бұндай қадамға қылмыстың алдын-алу үшін барғанын жасырмады.
«Ереже осы жылдың наурыз айынан бастап қолданыста. Бастапқыда тұрғындарды үйрету үшін, екі ай уақыт берілді. Одан кейін айыппұл салынатыны да хабарланды», - деді әкімдіктегілер.
Әкімдіктің мәліметінше, ережені аудандық «Ақсақалдар кеңесі» мақұлдаған.
Сондай-ақ, жергілікті биліктің талабына мейрамхана, тойхана, ойын-сауық орталығының басшылары қарсы келмегені белгілі болды.

16 қыркүйек 2019 ж. 895 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 443 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам