«ТҮНГІ МЕЗГІЛДЕГІ БАЛАЛАР» АТТЫ РЕЙД ЖҮРГІЗІЛДІ
Қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен 2017 жылғы 30 қараша-1 желтоқсан күндері полиция инспекторларымен бірлесіп, «Қауіпсіз мектеп» акциясы аясында «Түнгі мезгілдегі балалар» атты рейд жүргізілді.
Мақсаты – кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің қауіпсіздігін, балалар құқығының қорғалуын қамтамасыз ету, түнгі сағат 23.00-ден кейін көшеде заңды өкілінсіз жүрмеуін көшедегі қала тұрғындарының (ата-аналардың) есіне салу.
Түнгі клубтар мен ойын-сауық орындарында, компьтерлік клубтарда жүрген мектеп оқушыларын анықтап, оларға ескерту жасау. Шара барысында рейдке қатысушы қалалық қалалық білім бөлімінің маманы Г.Құдайбергенова және ҚІІБ-ң ЖПҚ-ның ЮПБ-ң бастығы, полиция подполковнигі Э. Бектемір және де мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мектеп инспекторлары алдын ала жиналып, аралайтын бағыттарды анықтап, іс-шара мақсатын айқындап, бірнеше аймақтарға бөлініп, рейдттің негізгі мақсатын орындады.
Сондай-ақ, рейд барысында көшедегі кездескен жасөспірімдерге, ата-аналарға арнайы дайындалған үн парақтар таратылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Аралау барысында компьтерлік клубтарына, ойын-сауық мекемелеріне де үн парақтар таратылып, түсіндірме жұмыстары тиісінше жүргізілді.