Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » "Қорқыт ата мұраларының түркі әлеміндегі рөлі" атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтуде

"Қорқыт ата мұраларының түркі әлеміндегі рөлі" атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтуде

Бүгін өз жұмысын бастаған халықаралық ғылыми-теориялық конференцияда Түркия, Иран, Грузия, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан елдерімен қатар, қазақстандық белгілі ғалымдар және жас буын ғалымдар да тәжірибе алмасады.
Конференцияның ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті төрағасының міндетін атқарушы Айнұр Мырзабекова, Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысының орынбасары, доцент, ғылым докторы Билял Чакыджы «Dede Gorgud» Ұлттық қорының президенті, «Азербайджан дуниясы» халықаралық журналының құрылтайшысы және редакторы Эльдар Исмаилов, доцент, филология ғылымдарының кандидаты, ТҮРКСОЙ ұйымының Қазақстандағы өкілі Асқар Тұрғанбаев және Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов қатысты.
Дәстүрлі өнер фестивалі Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолдауымен 2006 жылы алғаш рет Сыр елінде ұйымдастырылып, жыл сайын жалғасын тауып келеді.
«ТҮРКСОЙ» Халықаралық ұйымымен бірлесе отырып биыл 5-ші рет өткелі отырған өнер фестивалі түркі тілдес елдердің ұлттық фольклорын зерделеуге, өнерімен танысуға үлес қосып келеді.
«Рухани жаңғырудың бастауы ұлттық құндылықтар болса, Қорқыт Ата мұрасының бәріміз үшін орны бөлек, маңызы ерекше екені сөзсіз.Осы ретте, түркі халықтарына ортақ Қорқыт ата мұрасын насихаттай отырып, ауызбірлігіміз бен ынтымағымызды нығайту, мәдениетіміз бен өнерімізді дамыту – баршамыз үшін зор жетістік болмақ. Бұл жұмыстың жүзеге асуында облысты алты жылдан аса абыроймен басқарған мемлекет және қоғам қайраткері Қырымбек Елеуұлы Көшербаевтың үлесі зор»,-деді аймақ басшысы.
Естеріңізге сала кетейік, Қорқыт ата кесенесі Елбасы тапсырмасымен 2015 жылы қайта жаңғыртылып, «Қорқыт ата зиярат ету орталығы» қоса салынды және кешен «ЭКСПО-2017» бүкіләлемдік көрмесінің нысандарының бірі ретінде танылып, сан мыңдаған туристер келді.
Сондай-ақ, 2018 жылы 28 қарашада Маврикий Республикасында өткен ЮНЕСКО-ның 13-сессиясында Қорқыт ата рухани мұралары Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы ЮНЕСКО-ның ғаламдық материалдық емес мұралар тізіміне енді.
20 қыркүйек 2019 ж. 842 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 443 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам