Жолда жүру қалыпқа келтірілді
Күздің екінші айы халықты әбігерге салды. Мәселен 3 қараша күні ауа райының күрт өзгеруіне байланысты Арал-Ақтөбе облысының шекарасына дейінгі 1357-1240 шақырым учаскесі жабылған болатын. Ауа райы әсерінен жолдың нашарлауы себеп болғандықтан жол-көлік оқиғаларының алдын-алу мақсатында төтенше жағдайлар департаментінде жедел штаб құрылып, бүгінге дейін жұмыс жасаған. Олар тоқтатылған көлік жолаушыларын қонақ үйге орналастырып, тамақтандыру, жылыту шараларын қолға алған.

– Арал-Ақтөбе тасжолы ашылып, жол жүру қозғалысы қалпына келтірілуде. Қазіргі танда, жол қозғалысын қаматамасыз ететін мекемелер жұмыс істеуде. Сондай-ақ, адамдардың өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ, – деді Қазавтожол» Қызылорда облыстық филиалының бас маманы Ғалымжан Оспанов.
Айтсақ, өзімізге тиеді. Расында, жолға шықпауды ескертіп, хабарлама келсе де оған құлақ аспаймыз. Бүгінгі брифингте мамандар осы мәселеге назар аударуды баса айтты.
– Тұрғындарға уақытылы хабарлама жіберіледі. Сол уақытта жолға шығуға болмайды. Ауа райы аяқ астынан күрт өзгеруі мүмкін. Сондықтан алдағы күндердің ауа райына мән беріп отыру қажет, – деп атап өтті облыстық жұмылдыру дайындығы басқарма басшысының орынбасары Ғабит Жаңабаев.
Айтолқын БАТЫРБАЙҚЫЗЫ