Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » » «Тәуелсіздік жылдарындағы жетістікті бір ғана Қызылордадан көруге болады»

«Тәуелсіздік жылдарындағы жетістікті бір ғана Қызылордадан көруге болады»

Бүгін Достық үйінде «Тұңғыш Президент және Тәуелсіз Қазақстан: Тарих. Бүгін. Болашақ» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті.

Конференция «Елбасы және Сыр елі» атты тарихи деректі көрмемен басталды.


Жиынға облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаты Наталья Жұмаділдаева, облыстық мәслихат хатшысы Қылышбай Бисенов, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Берекет Кәрібаев, Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана директоры Нұрлыбек Мыңжас қатысты.


– Ел дамуының даңғыл жолы Елбасы Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. Тарихымызға көз жүгіртсек ел сенімін арқалаған Елбасының ерен еңбегін көреміз. Елбасы Тәуелсіз еліміздің жарқын болашағы жолында аянбай еңбек етті. Бәсекеге қабілетті қуатты Қазақстанды қалыптастырды. Нұрсұлтан Әбішұлы – халықаралық сарапшылар мойындаған ықпалды саясаткер. Отандық және әлем тарихында қайталанбас қолтаңбасын қалдырды. Сыр еліне жасаған сапарларында өңірімізге оң бағасын беріп, тәуелсіздік жылдарындағы ел дамуын бір ғана Қызылордадан көруге болатынын айтқан болатын. Мұның барлығы бірлесе атқарған жұмыстың жемісті нәтижесі. ҚР Тұңғыш Президент күні құтты болсын, Елбасы аман, еліміз тыныш болсын, – деді облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет өз құттықтауында.

ҚР Парламенті Мәжілісі депутаты Наталья Жұмаділдаева конференцияда онлайн байланыс арқылы Елбасының Қазақстан халқы Ассамблеясын қалыптастырудағы жасампаз еңбегін ерекше атап өтті. Жиынға қатысушылар тақырып төңірегінде тұщымды ойларын ортаға салып, пікірлерін білдірді.

Конференция одан әрі «Елбасы және Қазақстан халқы Ассамблеясы: 25 жыл», «Тұңғыш Президент және Арал аймағы: экологиялық апаттан «Ғасыр жобасына», «Сыр – Алаштың анасы: тарихи-мәдени сабақтастық» тақырыбына арналды.


Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ
27 қараша 2020 ж. 590 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 349 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам