Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » » ОЗЫҚ ОЙЛЫЛАР ОЙЫНЫ

ОЗЫҚ ОЙЛЫЛАР ОЙЫНЫ

Жыл сайын елімізде мектеп жасындағы дарынды шахматшыларды айқындау мақсатында «Дарын» ғылыми-тәжірибелік орталығы мен ҚР шахмат федерациясының қолдауымен халықаралық гроссмейстер Д.Сәдуақасов атындағы турнир өткізіледі. Ол – он жылдан астам уақыттан бері ұйымдастырылып келеді. Бұл бәсеке бұған дейін Астана қаласында 3 рет және Алматы, Қостанай, Қарағанды, Шымкент, Павлодар өңірлерінде өткізілген еді. Шахмат турнирінің ХІІ кезеңін биыл біздің облысымызда ұйымдастыруға қол жеткізілді. Біздің аймақта соңғы уақытта шахмат спорты жоғарғы деңгейде көрініп келеді.
Турнир басталардан бұрын өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық білім басқармасының басшысы Б.Сайлыбаев, халықаралық гроссмейстер Д.Сәдуақасов және «Дарын» ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры Ш.Қирабаева республикалық турнир жөнінде жан-жақты баяндап берді.
Мамандардың айтуынша, елімізде бұл спорт түрі бойынша турнирдің қолға алынуы тек біздің ғана емес шетелдік мықты шахматшылар назарын аударған. Сондай-ақ, олардың тарапынан жақсы бағасын алып та үлгерген. Осы кезге дейін қаншама жас өрендердің шахматты терең игеруіне, танылуына, халықаралық ойындарда жеңімпаз болуына бұл бәсеке үлкен септігін тигізген. Сыр өңірі шахмат мектебінің де елімізде айтулы орны бар. Оның дәлелі ретінде әлем чемпионы – Әсел Серікбай мен күміс жүлдегер Назерке Нұрғалиды мысал етуге болады.
Облыс орталығындағы №4 дарынды балаларға арналған мектеп-интернатында өткізіліп жатқан турнирге еліміздің барлық өңірлерінен 160-тан аса және Челябі облысынан «Вертикаль» шахмат клубы мүшелері, Қырғызстанның жас шахматшылары қатысады. Бес күнге созылатын ой жарысында 9, 13 және 17 жас аралығындағы өрендер бақ сынайды.
Турнир барысында гроссмейстер Д.Сәдуақасов пен әлем чемпионы Ә.Серікбай арасында шеберлік дәрісі өтті. Аталмыш сайыс швейцар жүйесі бойынша 9 турдан тұрады. Бұл ретте төрешілер жеңімпаздарды қыздар мен ер балалар арасында жас ерекшелік бойынша жекелей есепте анықтайды. Ал, команданың барлық қатысушылары жинаған ұпай санымен ең үздік шахматшылар тобы белгілі болмақ. Шара барысында халықаралық гроссмейстер Нұрлан Ибраев шахмат ойынының сеансын жүргізеді деп жоспарлануда. Турнир қорытындысымен жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы кубок пен медальдар, «Дарын» орталығының дипломдары табыс етілмек. Спорт ойыны 5 қараша күні өз мәресіне жетеді. Ал, келер жылы бұл турнир Астана қаласында өткізілмек.

А.СЕЙІЛ.
06 қараша 2017 ж. 1 511 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам