АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІ АРАСЫНДА ТУРНИР ӨТТІ
Облыс орталығындағы «Мұз айдыны» спорт кешенінде волейболдан Ауған соғысының ардагерлері арасында республикалық турнир өтті.
Биыл екінші жалауын желбіреткен бәсекеге Астана қаласы, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар және Қызылорда облыстарынан 7 команда қатысты.
Жарыстың ашылу салтанатында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев және ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының «Қазақстан Ардагерлері» қауымдастығының төрағасы, Ауған соғысының ардагері Бақытбек Смағұлұлы жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жарысқа 48-58 жас аралығында Ауған соғысына қатысқан ардагерлер сынға түскен болатын. Тартысқа толы сайыстың финалында Алматы облысының командасы мен елордалықтар сынға түсті. Нәтижесінде оңтүстік астанадан келген құрама 2:1 есебімен басым түсіп, турнир жеңімпазы атанды. Ал үшінші орынды Қызылорда облысының командасы иеленді.