Есірткісіз өмір – ғажайып!
«Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан жарияланған байқауға»
Қазіргі қоғам мәселесі, ғасыр дерті болып отырған – есірткі басты дерттің біріне айналды. Күйзеліске үлкендер мен қатар жасөспірім балалар да ұшырап жатады. Оның себебі үлкендермен, отбасымен қарым-қатынастағы, мектептегі ортамен қарым-қатынастағы түсінбестік екені белгілі. Кей жағдайда адамдар жалғыздықтан, жанашыр, жақын адамның болмауынан немесе олармен қарым-қатынастың үзілуінен де күйзеліске ұшырап жатады. Күйзеліске ұшыраған адам міндетті түрде жан тыныштығын іздеуге, түрлі жаман әдеттерге әуестене бастайды. Мысалы: темекі, түрлі ішімдіктер, құмар ойындары және есірткі... Сонымен қатар осындай жаман әдеттер адамның араласатын ортасы, айналасындағы достарының дұрыс болмауы және соларға еліктеуден пайда болады.
Есірткі – ғасыр дерті. Ең алғаш «наркотик» анықтамасын сезгіштікті жоғалтуға алып келетін заттарды сипаттау үшін грек елшісі Гиппократ қолданды. Аталған термин мәні XX ғасырда кеңінен тарай бастады. Африка жерінде есірткіні (кокаин) қарт кісілердің жан дауасы, ауырғанды басу, жансыздандыру болып қолданылған. Бірақ жасөспірім балалар, орта жастағы адамдар қолданбайтын болған деседі.
Есірткіге тәуелділік. Есірткіні жиі қолданатын адамдарда, уақыт өте тәуелділік пайда болады. Психикалық тәуелділік есірткіні қолданылмау уақыты ұзаған жағдайда көңіл-күйдің төмендеуі, ашушаңдық, мазасыздық, күйзеліске ұшырайды. Өзінің әрекеттеріне есеп бере алмайды. Қазіргі таңда наркотик айналымы барлық елдерде шектеулі. Есірткі өнімдері сатылатын айналым нарығы – қара нарық деп аталады.
Есірткісіз болашақ. Еңсесі биік елдің тұғыры бейік. Ұлттың ертеңі мен болашағы жастардың қолында. Есірткімен күресу адамзат ұрпағының бүгінгі таңдағы көкейтесті басты мәселенің бірі екендігі даусыз. Сондықтан онымен күресу, одан сақтану, адамзат бойын есірткіден аулақ ұстау – бүгінгі буынды жарқын күнге жетелейтін ұстаным. Өмірдің тосын сыйын жаман әдеттерге тәуелді болумен өткізбеу абзал. Есірткіден бойымызды аулақ ұстап, салауатты өмір салтын ұстанайық!
Қасиет ТАЛҒАТБЕКҚЫЗЫ,
Қызылорда қаласы, №12 IT-мектеп лицейі
#ҚЗОПДЕҚҚІҚБбайқауына