Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Есірткісіз өмір ғажайып

Есірткісіз өмір ғажайып

«Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан жарияланған байқауға»
               
Есірткі шегу – дәл қазіргі заманда ушығып тұрған мәселелердің бірі деп айтсақ артық болмас еді. Ұлы Абай атамыз: «Тамағы тоқтық, көйлегі көптік, аздырар адам баласын» деп бекер айтпаған. Өйткені айналамызда ата-анасының байлығына, ақшасына масығып жүрген жастар көп. Өздері ешқандай қиындық көрмей, ақша таппай, істерге ісі, жасарға жұмысы жоқ еріккен жас балалар «бір тартып көргеннен ештеңе өзгере қоймас» деген әуестікпен бастап, арты қалай қайғылы жағдайға жеткенін сезбей де қалып жатады. Есін жиып, артына қарағанда бәрі де кеш болады. Оны емдеу үшін үлкен күш-жігер, шыдамдылық қажет. Немесе ол емделмей, әрі қарай жас өмірі ит-қорлықпен өтеді.
Есірткі – қандай адамды, кімді маңызды емес: жас немесе кәрі, кедей немесе бай барлығын өзіне елітеді. Оны бір рет қолданған адам ешқашан бас тарта алмайды. Ол – адамдардың өмірін бұзып, ой-санасын улап, қол жұмсауға дейін апарады. Өздерінің не істеп, не қойғандарын да білмейді. Ойына келген ісін жасап, арты өкінішке ұласып жататыны хақ.
 Есірткінің адам өмірін жалмап, тағдырын тас-талқан ететін қасірет екенін жас ұрпақтың санасына сіңіріп, оған қарсы күрес жүргізу – баршамыздың міндетіміз. Есірткіге үйірліктің басы – темікі, насыбай атудан басталады. Жастар осы жаман әдетті бастап, артынан қоя алмай, аяғы нашақорлыққа әкелетінін байқамайды да. Есірткі адамның ішкі құрылысына, жүрек-қан тамырлары, жүйке жүйесі, асқазан мен ішек жолдарына және тағы басқа ағзаларына өте үлкен көлемде залал әкеледі. Оның соңы өліммен аяқталуы мүмкін. Есірткіге еліткен адамда ауру сезімі, сіңірлердің түйілуі, ұйқысыздық, беймазалық күйі арта түсетіндіктен, героин арқылы ем іздеуге тырысады. Героинды азық еткен нашақорлар көбінесе инфарктан, инсульттан көз жұмады. Себебі есірткі ең бірінші жүрек-қан тамыр жүйесіне соққы береді. Тағы бір өлімге алып келетін себеп – орталық жүйке жүйесін әрдайым ынталандыруға итермелейтін артық дозалану. Бұл айтылғандардың бәрін әрбір өскелең ұрпақ білуі тиіс.
 «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» демекші, аурудың алдын алған ем іздегеннен жеңіл болатынын ұмытпа! Жас өміріңді керексіз дүниелермен уландырмауға тырыс! Еліміздің болашағы –дені сау жас ұрпақ екенін жадыңнан шығарма!
Қымбатты, жас достарым! Сені ата-анаң өмірге әкелгенде зиянды заттарға әуес болсын деп емес, саналы ұрпақ, елдің, ата-анасының қамын ойлар, тәрбиелі, тәртіпті болсын деп үміт етті. Сенің жасаған әр жақсы ісіңе өзінше марқайып, масаттанып отырады. Елдің алдында беті ашық, басын тік көтеріп жүре алады. Ал жаман әдеттерге әуес болса, «Пәленшенің баласы нашақор екен» деп жұрттың қолын шошайтып, күлерінен қашып, намыстан өртеніп, ел бетіне қарауға дәті шыдамай өзін-өзі мүжіп, өмірден баз кешеді. Сондықтан ата-анаңның абыройына нұқсан келтірме! Есірткісіз де өмір ғажайып екенін ұмытпа! Жақсы өмір сүру өз қолыңда!
№264 мектеп-лицейінің
7 «Е» сынып оқушысы
 Ақгүл Асылбекова
06 қараша 2020 ж. 807 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам