Есірткісіз өмір ғажайып
«Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан жарияланған байқауға»
Есірткі. Осы сөзді естігенде жан дүниеміз түршігеді. Өйткені бүкіл әлемдік ұйымның басты проблемаларының бірі. Бұл – қылмыс емес, ауру. Ауру болғанда да жер жүзіндегі миллиондаған жас адамдардың өмірінталқандап, мәнсіз етіп отырған ауыр дерт екені баршамызға белгілі. Қалай ойлайсыздар, есірткінің қызығы адам өміріне тұра ма? Әлде есірткісіз өмір ғажайып па?
ХХІ ғасырда адам баласының басына төнген қауіпті эпидемия салдарынаннашақорлық қанатын кең жая бастады. Оның ауқымды мөлшері Қазақстан шекарасы арқылы өтеді. Есірткі табу жолында көптеген жастарымыз қылмысқа барып, өз өмірлерін құрдымға жіберуде.
Есірткі – адамның көңіл-күйін, сана-сезімін, мінез-құлқын бұзатын, қолдануға тыйым салынған химиялық зат. Ол адамның есін алып, құмарлық желігіне ұшыратады. Адам ағзасына есірткінің қандай жолмен енгенінің айырмасы жоқ. Бәрібір олар тәуелділік тудырып, ауруға шалдықтырады. Нашақорлық дертіне ұшырағандар белсенді өмірден сырт қалады. Оқу, жұмыс, жанұя және бала тәрбиесі деген түсініктер оларға жат болады. Жақын-жуықпен қарым-қатынас бұзылады. Өтірік айту, ақша ұрлау сияқты әр түрлі келеңсіз жағдайлар орын алады. Биылғы жылы өткен жылмен салыстырғанда, қылмыстың ашылуы 2 процентке артып, 70 проценті құрап отыр. Арнайы және жедел іздестіру іс-шаралары барысында ұрлық жасаған жалпы 1087 адам ұсталып, осылардың қатарындағы кейбір ұрылардың сыбайласуымен құрылған 48 қылмыстық топ әшкереленді. Осындай ұрлыққа адамдар әрине, нашаға ақша таппағандықтан баратыны сөзсіз. Есі кеткен адам өзінің не істеп, не қойғанына есеп бере алмайды. Нашақор адам есірткісіз өмір сүре алмайтын бейшара халге түседі. Оның түбі жақсылыққа әкелмейтіні барлығымызға аян.
Есірткісіз өмір керемет! Болашағымыз жарқын, мақсатымыз айқын, ұрпақтарымыз аман болуы үшін есірткіге жол бермеуіміз керек. Ел алдындағы борышымызды өтеу үшін, ең әуелі, осындай адамның санасын улайтын айықпас дерттерден аулақ болайық! Сонда ғана біздің өміріміз шуақты күндерге, уайымсыз түндерге толы болады.
Нашақорлықты емдегенге қарағанда алдын-алу оңай әрі өте тиімді процесс. Әрбір адам өз денсаулығына күтім жасап, салауатты өмір салтын сақтау қажет. Қоршаған ортаға өз жылуымызды бөліп, тұлғалық қасиетімізді таза сақтайық!
Алтын қалам иесі Ыбырай Алтынсариннің « Көңіліңді, бойыңды мөлдір бұлақтай таза ұста» деген өсиетін жадымыздан шығармай, саналы ұрпақ қалыптасуына өз үлесімізді қосайық! Жамандыққа бастайтын есірткіден арылып, ақыл-ой мен санамыздың бұзылуына жол бермейік, жас ұрпақ!
№264 мектеп-лицейінің
7 «В» сынып оқушысы
Ақжүніс Еділбек