Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » » Шебердің қолы алтын

Шебердің қолы алтын

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Ұлы Дала елі» атты кәсіби қолөнер шеберлері мен білім алушылар арасында басқосу өтті. Жиын барысында облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының бөлім меңгерушісі Әлима Әбдіхалықова, универиситет жанындағы Дәстүрлі өнер институтының директоры Ғани Байұлов тағылымды шараның мазмұнына тоқталды.
Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын жүзеге асыру бойынша ұйымдастырылған басқосуға аймақтағы елімізге танымал қолөнер шеберлері қатысты. Олардың қатарында Жәнібек Маханбет, Пахраддин Садықов, Мырзабек Қаныбаев, Мұрат Жәрімбетов сынды азаматтар бар. Сонымен бірге басқұр, шашақ бау, тақыр, түкті кілем шебері Бақыткүл Райымбаева жастарға ақыл-кеңесін айтты. Олар бүгінде үлкен шеберхана ашып, шәкірт тәрбиелеп, өз туындысын елге танытып жүр.
«Шебердің қолы алтын» дейді дана қазақ. Халқымыздың мәдениеті мен өнерін паш ететін құндылықтың бірі – қолөнер. Қай елдің болмасын, ұлттық дәстүріне қарап, әрбірінің кешегісі мен бүгінінен сыр шертуге болады. Ұрпақтан-ұрпаққа жеткен қолөнерді қадірлеу, оны дамыту және келер күнге қалдыру – басты міндетіміз. Осы орайда қаншама қолөнер шебері көз майын тауысып, тарихтың тереңіне үңіліп, көне жәдігерлерді қайта жаңғыртуда. Жиынның да басты мақсаты – қолы ұста жандардың өнерін жас буынға дәріптеп, қыр-сынынан тәжірибе бөлісіп, пікір алмасу.
– Сыр өңіріндегі білім ордалары арасындағы қарашаңырақта Дәстүрлі өнер институты құрылып, жұмыс бастағанына өте қуаныштымыз. Үлкен істің куәсі болып тұрмыз. Студенттермен жүздесу арқылы әдемі кеш өткізілуде. Сіздер де болашақта біз секілді қолөнер шебері боласыздар. Оған еш күмәнім жоқ. Өйткені, мықты ұстаздардан білім алып жүрсіздер. Ал, бізде жол көрсетер адам болған жоқ. Бәріміз де бұл өнерге өз бетімізше келдік. Сондықтан әрқайсымыздың қолтаңбамыз әртүрлі. Себебі, белгілі бір мектептен білім алған жоқпыз. Десе де, соңғы кезде осы салаға көп көңіл бөлініп келеді. Жастардың қызығушылығы арта түсті. Осыдан кейін жыл сайын қолөнершілер саны артып, сапалы, тың дүниелер өмірге келеді деген сенім бар, – деді ҚР қолөнершілер Одағының мүшесі Жәнібек Маханбет.
Қолөнер – халқымыздың қасиетімен ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, тамырын тереңге жайып келе жатқан асыл мұра. «Жігітке жеті өнер де аз» демекші бүгінгі басқосуға келген әрбір қолөнер шеберлері өзінің тәжірибесімен бөлісіп, алдағы уақытта жеке-жеке шеберлік дәрісін өткізуге де келісті. Ал, шара соңында «Сәндік қолданбалы және бейнелеу өнері» кафедрасының меңгерушісі Жұлдыз Смайылова кеш қатысушыларына Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дың тарихы туралы жазылған мазмұнды кітапты сыйға тартты.
Ақмарал ОЛЖАБАЕВА

29 қазан 2019 ж. 2 745 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 389 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам