"Сахнада жылап жіберді": Батыр Байназаров Ringo тобынан кетті
"Рингоға" бірінші болып келген Батыр Байназаров топтан кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы әнші қала күніне арналған концерттердің бірінде хабарлап, 14 жыл бойы бірге болған топпен соңғы рет сахнаға шыққанын жеткізген. Ол кететіні туралы айтқаннан кейін, сахнада көзіне жас алып, көңілі босап кеткен.
"Бұл менің Gakku сахнасына соңғы рет шығуым. Өйткені мен "Рингодан" кетемін деп шешім қабылдадым", - деді Батыр Байназаров.
Ал топтың продюсері Алуа Қонарова Батырды қаншалықты жақсы көретінін айтып жазба қалдырған. Батыр Байназаровтың алғашқылардың бірі болып топқа келіп, алғашқы болып кетіп бара жатқанын айтқан продюсер оған тек жақсылық тілеп, болашағына сенім артатынын жеткізді.
"Батыр маған 2005 жылы бірінші болып келді. Бірінші болып топтан кетті. Иә, бұлай болады. Бірақ оның шығармашылықта қалатынына сенімдімін. 14 жыл бойы барлығынан өттік. Талантты композитор, керемет актер, әнші, ғажап адам", - дейді Алуа Қонарова.
Осылайша көпшіліктің сүйіктісіне айналған Батыр Байназаров шығармашылығын басқа қырынан танытуға шешім қабылдаған.