Гаухар Әлімбекова өзін сотқа берген құрбысынан кешірім сұрап, татуласты (видео)
Рамазан айының қарсаңында танымал әнші Гаухар Әлімбекова өзін сотқа берген құрбысы Бақыт Назаровадан кешірім сұрады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Қос құрбы "Пендеміз ғой" бағдарламасына қонақ ретінде қатысты.
Бағдарлама барысында Гаухар Әлімбекова "Мен кінәлі емеспін. Бірақ халық айтса қалып айтпайды деген бар ғой. Сол себепті мен халықтың алдында сізден кешірім сұраймын", - деді.
Ал оның құрбысы Бақыт Назарова болса "мен Пайғамбар емеспін. Менде де қателік бар шығар. Сен де мені кешір", - деп екі құрбы құшақтасып, татуласты.
Еске салайық, елімізге танымал әндердің авторы, әнші Гаухар Әлімбекова 2019 жылдың 30 қаңтарында алаяқтық үшін 6 жылға бас бостандығынан айрылған болатын. Көп ұзамай, әнші сот шешімі күшіне енгенше қолхатпен босатылған. Кейінірек әншінің адвокаты Жұмағали Зинелов істің мән-жайын айтып берген еді. Адвокат сот үкімімен келіспейтінін және таяу арада апелляциялық сотқа арыз түсіретінін мәлімдеген.