АУЫЗҒА ТҮКІРУ
Әнеу күні ауылдан атам келіп, қаладағы туған-туысқанның төрт көзі түгел жиналды. Сонда тілі шықпаған баласын да құшақтай келген бір жақын ағам ол кісіге кішкентайын ұсынып жатып, аузына түкіріп беруін өтінді. Атам – ауылда сыйлы ақсақал. Бір кісідей-ақ өлең жазатын қасиеті бар. Осы жасына дейін бірнеше шақалақтың аузына түкіріп, батасын берген. Әдеттегіше атамның ырым ете бастағаны сол еді, жеңгемнің тыжыранған түрін байқап қалдым.
Сосын шынымен, ауызға түкірту қаншалықты дұрыс осы деген ой келді. Кішкентай кезімізде әке-шешеміздің «Аспанға, айға, шаңыраққа түкірме» деп отыратындары есімде қалыпты. Одан бөлек дана халқымыз «Су ішер құдығыңа түкірме» деп құдыққа да түкіруге тыйым етеді.
Алайда, бір қызығы адамның аузына түкіруге рұқсат еткен. Дәлірек айтсақ, бұдан жүздеген жылдар бұрынғы қалыптасқан салт бойынша сәбидің ата-анасы танымал, абыройлы ақсақалға осындай құрмет жасады. Тегінде әрбір иісі қазақ баласы өз перзентінің игі жақсылар секілді болғанын қалаған ғой. Бұнысы балам әлгі адам сияқты әрі шешен, әрі көсем болса екен деп тілеген ниетінен шықса керек. Мәселен, ел арасында танымал ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Бейсенбай Кенжебаевтың аузына әдебиетіміздегі ең лирик ақын Мағжан Жұмабаев түкірген деген әңгіме бар. Ал, атақты күйші, композитор Нұрғиса Тілендиев қазіргі эстраданың жарық жұлдызы Мейрамбек Беспаевқа түкіріпті деседі. Осыдан-ақ, данышпан қазақтың не нәрсені де жәйдан-жәй айтпайтынына көз жеткізуге болады. Әлі күнге дейін өз маңызын жоймаған сан ғасырлық тарихы бар бұл дәстүр қазіргі заманда да ұмыт қалмай, жалғасын тауып келеді. Десек те, кейінгі кезде аталмыш ырымның қоғамда сыңаржақ пікірлерге ұшырап жүргендігі де жасырын емес. Әсіресе, жастар тарапынан оның гигиеналық талаптарға сай еместігі алға тартылып жүр. Сол үшін де көптеген жас отбасы атадан қалған байырғы салтқа салынып, балаларына түкіртіп алуды онша құп көре бермейді. Олардың айтуынша, соның салдарынан жұқпалы аурулардың да тарауы мүмкін екен. Әлеуметтік желілерде осы жоралғыға байланысты қандай көзқарас-тұжырымдар бар екен деп ғаламторға үңілгенімде «Біреудің сілекейі аузыңа түсіп кетсе, сол адамның ДНҚ-сы денеңе сіңіп, табиғатыңның бір бөлшегіне айналып кетеді» деген пікірлерді де көзім шалып қалды.
Қалай дегенмен де, атадан мұра болып қалған салт-дәстүрді бір сәтте жоққа шығаруға болмас, сірә... Сондықтан «дәстүрдң озығы бар, тозығы бар» десек те, өткенімізді жаңғыртып, оны жас ұрпақты қазақилыққа тәрбиелейтін бірден-бір қайнар көзі, тәрбие құралы ретінде бағалаған жөн.
Мойындаймыз, жалпы қазақ жұрты түкіргіш халық қой. Сүп-сүйкімді періште сәбиді көргенде «тіл-көзім тасқа» деп бір түкіріп қоятынымыз бар. Көңілімізге жақпайтын бір жағдайға шошына қарағанда да, өзімен кетсін деген ниетпен түкіретініміз және бар. Сондай-ақ, бір іске білек сыбана кірісерде үлкендердің міндетті түрде екі алақанына түкіріп, бір-біріне шып-шып үйкеп жіберетіні тағы бар.
Ал, «Айдың да екі жағы бар» демекші түкірудің жағымсыз нышанда қолданылатыны жайлы да айта өткен жөн шығар. Біздің айтпағымыз – бетке түкіру жазасы. Қазақ халқында бетке түкіру – ең ауыр жазалар қатарынан орын алған. Ар-ұяттан безіп, жұртшылық арасында қарабет атанған адамның ғана бетіне түкірген. Бұл жазаны қауым болып, тұтас ауыл болып өтеген. Аталмыш дәстүрдің орындалуы бізге әйгілі «Қыз Жібек» фильміндегі эпизодтан жақсы таныс. Дегенмен, түкірудің жөні осы екен деп әр жерге бейәдептілік таныту да жақсы еместігін ұмытпаған абзал. Ал, ауызға түкіруге келгенде сан ғасырдан жалғасып келе жатқан ғұрып қанша уақыт өтсе де өз биігін сақтап қалатыны анық.
Б.МАХАМБЕТОВА.