ЖАҚСЫ ҰЙЫҚТАУҒА КӨМЕКТЕСЕТІН ТАҒАМДАР АТАЛДЫ
National Geographic Food басылымының жаңа нөмірінде қатып ұйықтауға көмектесетін негізгі тағамдар тізімі шығады. Бұл жөнінде Lenta.ru хабарлайды.
Басылым жақсы ұйқы үшін магний және триптофанға бай мынадай азықтарды күні бойы жеуді ұсынады: ашытқы сығындысы, күркетауық филесі, банан, бадам (миндаль) жаңғағы және сұлы үлпегі.
Ұйқы жақсы болуы үшін дәмдеуіші көп және майлы тағамдарды жемеу керек және кофе мен алкоголь ішпеген дұрыс. Бұлар ұзақ қорытылады және жүйке жүйесін қоздырады. Оның орнына National Geographic Food сүт, ет, жұмыртқа және балық сияқты ақуызға бай тамақтарды және көкөністі тұтынуды ұсынады.
Бұл тағамдар сонымен қатар ұйқы гормоны мелатониннің бөлінуіне жағдай жасайтын триптофанға да бай.