ОҚУШЫЛАР ӘДЕБИ КЕШ ӨТКІЗДІ
Қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен 1 желтоқсан – Елбасы күніне орай К.Қаракөзов атындағы №235 орта мектеп базасында «Елбасы – елдің тірегі» атты әдеби кеш өткізілді.
Кештің мақсаты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, білім алған, атқарған қызметі, Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып, Отанын, халқын сүюге, ер жүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Шараға қатысушы оқушылар мәнерлеп өлең оқитын және Елбасыға жүрекжарды жыр шумақтарын арнаған мүшәйраға қатысушылар болып екі топқа бөлінді. Шара талантты да дарынды жас ақындардың айтысына ұласып, оқушылар патриоттық көріністер қойды. Шараға қатысушылар мектеп директорының дәрежелі І, ІІ және ІІІ дипломдарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.
Іс-шара соңында қатысушылар Елбасына деген сағынышын, ілтипатын, құрметін жүрекжарды ән–жырларымен жеткізіп, көк тудың астында өмір сүріп жатқандығы үшін зор алғыстарын білдірді.