Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ОБЛЫСТЫҚ «АЛТЫН КҮЗ – 2017» СПАРТАКИАДАСЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

ОБЛЫСТЫҚ «АЛТЫН КҮЗ – 2017» СПАРТАКИАДАСЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

  Спорт - елдіктің, ерліктің, батылдық пен батырлықтың шынайы көрінісі. Бүгін Жалағаш ауданында ауыл спортшыларының ХХХІ «Алтын күз – 2017» облыстық спартакиадасы басталды. Жарысқа облыстың 7 ауданынан 1000-ға жуық спортшы қатысуда.
Сайыс спорттың 15 түрінен волейбол, футбол, баскетбол, гандбол, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, дойбы, шахмат, көкпар, аударыспақ, теңге ілу, гір спорты, қол күрес, үстел тениисі және президенттік көпсайыс бойынша өтуде. Бұқаралық және ұлттық спорт түрлерін дамыту, тұрғындар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, ауыл спортшыларының рухын көтеру, Елбасы жолдауынан туындайтын шараларды іске асыру мақсатындағы облыстық «Алтын күз – 2017» спартакиадасының ашылуы бүгін орталық стадионда өтті. Салтанатты шарада «Алтын күз» бейнесіндегі өнерпаз спортшылардың жетістігін көрсететін кубок әкелінді. Және спортшылардың мерекелік шеруі өтті. Шеруге дүбірлі жарыстарда ел мерейін үстем еткен ауданның ардагер спортшылары, жас спортшылар, №13 Олимпиадалық резервті мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің шәкірттері, «Наркескен» спорт клубының спортшылары, Мәдениет ауылындағы №14 спорт мектебінің спортшылары, көкпаршылар, велошабандоздар, сонымен қатар, жарысқа қатысушы облыстың 7 ауданының командалары шеруді жалғады. Шеру соңында «Алтын күз» спартакиадасының Туын аудан спортының дамуына өзіндік үлестерін қосып жүрген спорт ардагерлері, Қазақстан Республикасының спорт шеберлері алып шықты.
Облыстық «Алтын күз – 2017» спартакиадасын аудан әкімі Т.Дүйсебаев ашып, 15 спорттық ойын түрлерінен ауыл шаруашылық спарткиадасына қатысушы мыңнан астам спортшыларды бүгінгі мерекесімен құттықтап, спортшыларымыз өз өнерлерімен ел мәртебесін көтере берсін деген ізгі лебізін білдірді. Жарысқа қатысушы спортшыларға сәттілік тілеп, спартакиаданы ашық деп жариялады. Бұдан кейін әуелете Әнұран шырқалып, спорттық алау жағылды. Спартакиадада жас спортшылар өз өнерлерін ортаға салса, аудандық «Алтын-арай» халық ән-би ансамблінің өнерпаздары өнер көрсетті.


06 қазан 2017 ж. 2 353 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 038 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам