ЖАТ АҒЫМДАРДЫҢ ЛАҢЫ САХНАЛАНДЫ
Спектакльдiң негiзгi мақсаты – адасқан адамның өмірін суреттеу. Қойылымда қарапайым отбасындағы тіршілік, ұлы мен келінінің Сирияға аттануы, теріс діни ағымдардың жиіркенішті іс-әрекеттері, олардың қоғамға зияндылығы көрсетілді. 3 актылы көріністен тұратын қойылымды дайындауға 2 айдай уақыт жұмсалған. Спектакльде аудандық және ауылдық мәдениет үйінің қызметкерлері С.Сейтенов, Р.Қалкөзов, А.Жұмашова, Н.Сарманов, Ғ.Маханов, Ғ.Нысанбаев өз рөлдерін шебер сомдап шықты.
Қойылым соңында аудан әкімінің орынбасары А.Есмаханов сөз алып, әртістерге және драманы қоюшы режиссер Ерболат Досханға алғысын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.