Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Талантты Тоғжан

Талантты Тоғжан

Есімі де, өзі де тәтті Тоғжанның таланты бізді қызықтырды. «Болар бала бесіктен бұлқынады» деген рас екен, ол періште шағынан жазу-сызуға құмар болып өсіпті. Әсіресе, сурет салу әуестігін айтсаңшы. Сондай сүйкімді етіп салып, сосын алтыншы сыныпта оқитын тәтесі Маржанның талқысына салады. Тәтесі түзейтін жерін көрсетіп, өз ақылын қосады.
Ия, бұл Тоғжан Абен №271 орта мектептің бірінші сыныбында оқиды. Оқуда озат, сыныптағы белсенді қыздың бірі. Самал апайы алғыр оқушысын ұнатады, оған үмітпен қарайды. Және өнерге жақындығын ескеріп, пән сабағында өз алдына тапсырма береді.
Аң-құс, табиғат көріністері Тоғжан таңдаған тақырыптар. Ол кейіпкерлерінің мінез-құлқын, тылсым дүниесін бояу арқылы ашқысы келеді. Сондықтан суретші қыз суретін бастамас бұрын кітаптар ақтарып, түрлі әңгіме, ертегі оқиды.
Біз анасы, «Ер тарғын» бала бақшасының тәрбиешісі Гүлмирамен хабарласқанымызда: «Қызым өте өнерлі. Мен оған ой-санасы өссін деп Абай атасының шығармашылығынан өлеңдер оқып беремін. Қазір ол 1 минутта 102 сөз оқитын деңгейге жетті» деді.
Біз төтенше жағдайға байланысты каникул кезіндегі Тоғжан Әбеннің салған суреттерін назарларыңызға ұсынамыз. Басқа балалар да Тоғжанға ұқсап бос уақытты бекер жібермей, өнерді сүйіп, жақсылыққа талаптансын!

Қ.ӘБДУОВ






11 сәуір 2020 ж. 1 103 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 15 864 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам