БАЛАБАҚШАЛАР АРАСЫНДА АЙМАҚТЫҚ СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ
Қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Балапан» балабақшасы базасында «Таным» білім беру саласы. Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру. Шама, геометриялық пішіндер, уақытты, салмақты, кеңістікті бағдарлау туралы білім, білік, дағды қалыптастыру» тақырыбында №3 аймақтық бірлестікке қарасты балабақшалар арасында аймақтық семинар өткізілді.
Аталған шараға Белкөл кенті әкімі аппаратының бас маманы Ж.Сәду қатысты. Семинар барысында «флипчарт» әдісін пайдалана отырып, «Пішіндер әлемі», «Көңілді қонжықтар мен көжектер» және «Спорт әлеміне саяхат» тақырыптарында оқу қызметі ұйымдастырылды.
Сондай-ақ, «Ботақан» тобының тәрбиешісі Нургалиева Нургул «Шығармашылық идеялар жәрмеңкесі» бойынша математикалық лэпбуктармен таныстырды. Лэпбук - қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру оқу қызметі бойынша барлық өтпелі тақырыптарға сәйкес дайындалғандығын, оны балалар сезім мүшелері арқылы сезіне отырып, білім, білік дағдыларын дамытатынын және бес білім беру саласын кіріктіре отырып жасалғандығын айтып өтті.
Балалар интербелсенді тақта мен ноутбук арқылы еркін жұмыс жасады. Ғажайып сәтте жаңашыл технология галограмма бойынша пішіндер әлемін көрсетті.