ЖЕКЕ БАЛАБАҚШАДА ӘДІСТЕМЕЛІ КҮН ӨТКІЗІЛДІ
Қызылорда қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагог-қызметкерлерінің бір-бірімен тәжірибе алмасуы мақсатында түрлі шаралар ұйымдастырылуда.
Соның бірі ертегіні мазмұны бойынша сахналау, түрлі эмоцияларды білдіруді үйрету. Балалардың қоғамдық орындарда ересектермен және құрдастарымен өзара әрекетте мәдениетті мінез-құлық дағдыларын, театр ойындарына деген оң көзқарастарын қалыптастыру. Театр мәдениетіне баулу мақсатында «Айым» жеке балабақшасында «Коммуникация» білім беру саласы бойынша «Драма оқу қызметі арқылы балаларды театр мәдениетіне тәрбиелеу» тақырыбында әдістемелік күн өткізілді. Аталған шараға №3 аймақтық әдістемелік бірлестігіне қарасты балабақшалар қатысты.
Әдістемелік күн «Балдырған» II кіші тобының «Ғажайыптар әлемінде» атты ертегі кейіпкерлерінің шеруімен басталды. Топ тәрбиешісі Рзаева Нұргүл сиқыршы бейнесіне еніп, бүлдіршіндерді «Алдар көсе», «Карлсон», «Қап, бәлем», «Аю мен Маша» және 2017 жылы шыққан балалардың сүйікті кейіпкері «Босс-Молокосос» мультфильмдерінің кейіпкерлерін ортаға шақырып, бір-бірімен кездеспейтін кейіпкерлерді табыстырды. Барлығы бірге келген қонақтарды «Ғажайыптар әлеміндегі» балабақша тәрбиешілерінің өз қолдарымен жасаған театр түрлерінің көрмесіне шақырды.
Көрмені тамашалаған қонақтарға «Күз сыйы» ретінде қызыл және жасыл алма ұсынылып, сол алманың түсі арқылы екі топқа бөлінді.
«Балдырған» II кіші тобында ағылшын тілі маманы Махатова Жамила балаларға отбасы туралы түсінік беру, өз жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету. Ойын арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту мақсатында «Family» тақырыбында оқу қызметін ұйымдастырды.
«Інжу» ересектер тобында «Ит пен мысық адамға қалай дос болды?» халық ертегісінің желісімен өткізілді. Топ тәрбиешісі Батырова Мөлдір балалармен алдын-ала жүргізген жұмыстарының нәтижесі ретінде «Әдемі» қазақ музыкалық балалар театрының актері Қайрат Абжалиевті қонаққа шақырып, балаларға түрлі жануарлардың дауысын, қимыл-қозғалысын салуды үйретіп, ертегіні сомдауға дайындады. Балалар достыққа, өзара көмекке, кешірімді болуға тәрбиелейтін ертегіні жақсы сахналап шықты.
«Қызғалдақ» ортаңғы тобында ертегіні әр түрлі театр түрлерін пайдалана отырып, балалардың сахналауға деген қызығушылықтарын ояту, достыққа, қамқорлық көрсетуге үйрету, сахна мәдениетіне баулу мақсатында «Адасқан құмырсқа» тақырыбында оқу қызметі ұйымдастырылды.
Іс-шараға қатысушылар бүлдіршіндердің қойған ертегілерін «үстел-үсті» театры мен «көлеңке театры» арқылы өздері есте сақтаған ертегі желісі бойынша айтып шықты.