ТӨРТ ТҮЛІК БАСЫ КӨБЕЙДІ
Мемлекеттік «Сыбаға» бағдарламасының орындалу барысы бойынша Жаңақорған ауданы облыста көш бастап тұр. Бір ғана мысал, өткен жылы жоспар бойынша 920 бас мүйізді ірі қараға қол жеткізу керек болса, оны 1269-ға жеткізіп, 349 басқа артық орындаған.
Аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің бас маманы Ерғали Қайырбековтің айтуынша, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша жылдық жоспар 250 пайызға асыра орындалды. Ал, «Алтын асық» бағдарламасы бойынша жылдық жоспар 125 бас қой сатып алу белгіленсе, 212 бас сатып алынды. Жоспар 169,6 пайыз орындалды. Сол сияқты «Құлан» бағдарламасының жылдық жоспары 63 бас болып белгіленіп, оның орнына 75 бас бие сатып алынды.