Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІ АТТЕСТАТТАУДЫҢ ОҢ НӘТИЖЕСІ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІ АТТЕСТАТТАУДЫҢ ОҢ НӘТИЖЕСІ

  Биыл республика бойынша «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері кешенді аттестаттаудан өтті. Маңызды шараға облыстан 2700 мемлекеттік қызметші өтуі керек болса, оның 928 қызметшісі түрлі себептермен босатылған. Аймақ бойынша тестілеу қорытындысы жоғары нәтиже көрсетті.
Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департамент басшысы Абзал Мұхимов мәлімдеді.
– Аталған тестілеудің нәтижесі бойынша бірқатар мамандар атқаратын лауазымына сәйкес келіп, олар жоғары лауазымға ұсынылды. Сонымен қатар, 2507 мемлекеттік қызметші өз лауазымына сәйкес келді. Ал, 27-сі атқаратын лауазымына сәйкес келмеді. Сондықтан олардың қызметі төмендетіледі. Сондай-ақ, 14 қызметші жұмыстан босатылуға жатады деген қорытынды алды, – деді департамент басшысы.
Облыс бойынша есепті мерзімде 311 бос лауазымдарға байқау өткізіліп, 192 үміткер қызметке қабылданған. Сондай-ақ, биыл жас мамандарды қызметке тарту бағытында ірі жобалар қолға алынуда. Солардың бірі – жастар кадрлық резерві. Бүгінде оған 300-ге жуық жас қатысқан. Сөйтіп, оның 53-і кадр резервіне қойылды. Айта кету керек, алғашқы лебі қазірдің өзінде қызметке орналасқан. Жыл соңына дейін тағы бір бөлігін жұмыспен қамту жоспарлануда.
Сонымен қатар, Сыр өңірінде мемлекеттік қызметтің беделін арттыру мақсатында республика бойынша тұңғыш рет аймақтық жас мемлекеттік қызметшілердің слеті өткізілді. Оған төрт облыстан 400-ге жуық жас мамандар қатысты. Айта кету керек, бүгінде электронды түрде көрсетілетін қызметтер саны былтырғы жылмен салыстырғанда бірнеше есеге артып отыр.
Департамент басшысының айтуынша, осы жылдың І жартысында Әдеп жөніндегі 7 кеңес өткізіліп, 24 мәселе қаралған. Сондай-ақ, аталған кеңесте 56 ұсыныс енгізіліп, барлығы толықтай орындалды. Соңғы жылдары мемлекеттік қызмет саласына талап күшейіп келеді. Мәселен, есепті кезеңде 40-тан астам тексеру жүргізіліп, 264 бұзушылық анықталған.

Ақмарал ҚАДЫРХАНҚЫЗЫ.
25 желтоқсан 2017 ж. 1 513 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам