Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚАРЫЗ ҚАЙТСЕ ҚАЙТАДЫ?

ҚАРЫЗ ҚАЙТСЕ ҚАЙТАДЫ?

  Танысым айтқан мына әңгіме еріксіз есіме түседі. «Ең бірінші несие алмай тұрып «Бұл несие деген жақсы болды. Қалаған затыңды аласың. Пайызы да көп емес. Керек десең той да жасап жібересің» деген пікір айтылады. Несие төленіп жатқанда: «Құрысын, мына бәле бітпей қойды. Алаңсыз айлықты осыған құйдық. Осыдан құтылайын аман-есен» дейсің. Сосын «Мына қарызды жаптық, әйтеуір. Әне-міне дегенше өтті де кетті. Бір жағы бұл да жақсы ма деймін. Айлықтан аздап беріп құтыласың. Әйтпесе, ақша деген су, майда-шүйдемен кетіп қалады. Одан несие алып қояйын тағы да…» дейсің. Иә, қазіргі күйбең тірліктің түрі – бұл.
Бұрында қазақ халқы «Ассалаумағалейкум» сөзінен кейін, «Мал-жан аман ба?» деп жағдай сұрасатын еді. Табиғатпен тел өсіп, төрт түліктің күйіне қарап отырған соң, осылай жағдай сұрасқан шығар... Ал, қазір амандасқаннан кейін «Несиеден құтылдың ба?» деп бірі-біріне жаны ашып жатады.
Оған қоса көз алдаған, жалт-жұлт еткен жарнамалар көп. Несиені бейне бір тегін беріп жатқан дүниедей көрсетеді. Кепілдемесіз, құжатсыз, өсімі аз несиелер, ипотекаға «сыйланған» жайлы үй, қарызға берілген көлік немесе тұрмыстық бұйымдар секілді жалаң жарнамалар еріксіз өзіне тарта түседі...
Біреулер «Қарызда тұрған не бар, қайта ол сенің өміріңді жеңілдетпей ме» деуі мүмкін. Кәсіп көзін ашуыңа немесе үйлі-жайлы болуыңа берілген мүмкіндік қой деп. Алайда, олай емес екенін аңғару қиынға соға қоймас. Жүз кісінің бірі оған ешбір қинала қоймас. Бірақ, басым бөлігі қарыз қиындығын сезінеді. Оған өз өмірімізден көптеп мысалдар келтіруге болады.
Несие алып, тірлік жасап жүргендер бар. Алайда, олар тапқан табысының жартысын қарызына береді. Әйтеуір, тіршілік қамын күйттеп жүр. Бір отбасын білемін. Үйін сатып, несиеден құтылды.
Тағы бір мысал. Өмірде 15-20 жылға ипотекаға үй алып жатқандар бар. Жаман айтпай жақсы жоқ. Жұмысынан босап, қалғандар да кездеседі. Солайша барынан айырылып қалғандар қаншама. Су жаңа шетел көлігін мініп, оны соғып алып жүргендер де баршылық. Осындай сан алуан қарыздың күйігіне шыдай алмай, түрлі жағдайды басынан өткізіп жатқандар бар.
Миллиондап өсімге қарыз алып, жүйесіз той-томалақтар жасап, бір-бірімен бәйгеге түсетіндері табылады. Еселеп өсетін қарыз естен тандырады. Үсті-үстіне қосылған несие тынысын тарылтады. Сасқанынан біреуін жабу үшін басқа жерден өсімге несие алып, қарыздың үстіне қарыз жамайды.
Шариғатта қарызға байланысты жайттар көп айтылған. Жалпы, оны төлеу – үлкен жауапкершілік. Өмірдің өзі өлшеулі. Қайтыс болған адамның жаназада «Қарызы бар ма?» деп сұралатыны ақиқат. Егер қарызы болса, ол өтелмесе, не басқа бір туысы мойнына алмаса, жаназа шығарылмайтыны мәлім.
Қарыз болу күнәға есік ашады. Сол үшін де мұсылман баласы оған қатты мұқтаждық болмаса, жоламағаны абзал. Одан құтылуға асығыңыз. Ең бастысы, қай кезде де оған мұқтаждық тумаса, қашық жүргеніңіз жөн болар еді...

Ақтолқын НҰРЛЫБАЙҚЫЗЫ.


08 қаңтар 2018 ж. 2 259 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам